ЖДП кафедрасы | MegaDOCs

ЖДП кафедрасы

№ 1 ЖДП кафедрасы

Жалпы медицина 5 курс студенттерінің

мемлекеттік аттестациясына арналған тест сұрақтары

***

66 жастағы науқас 2 сағаттан бері солжақ қолға берілетін төс артының ауырғанына, жалпы әлсіздікке,ентігуге шағымданды. Жағдайы кенеттен нашарлап,құрысу, есінен тану болды. ЭКГ-де көрсетілген өзгерістер болды. Жағдайының нашарлауы немен байланысты?//

Жыбыр аритмиясы//

+қарыншалардың фибрилляциясы//

жүрекшелік экстрасистолия//

эктопиялық ритм//

қарыншалық экстрасистолия//

***

35 жастағы әйел жүрек тұсының шаншып ауыратынына және стрестен кейін жүрек соғысының бұзылатынына шағымданды.Объективті : жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/60 мм с.б., жүрек тондары анық, ырғағы бұзылған. Науқасқа ЭКГ істелінді. Сіздің диагнозыңыз қандай?//

Жыбырлақ аритмия//

Қарыншалық фибрилляция//

+Жүрекшелік экстрасистолия//

Эктопиялық ритм//

Қарыншалық экстрасистолия.

***

Профилактикалық тексеруде 56 жастағы науқастың ешқандай шағымы жоқ. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/60 мм с.б., пульс 72 рет 1 мин., жүрек тондары анық, ырғағы бұзылған. Науқасқа ЭКГ істелінді. Сіздің диагнозыңыз қандай?//

Жыбырлақ аритмия//

Қарыншалық фибрилляция//

Жүрекшелік экстрасистолия//

Эктопиялық ритм//

+Қарыншалық экстрасистолия.

***

.ЖИА үдемелі (тұрақсыз) стенокардия науқасқа қай кезде қойылады?//

Стенокардия ұстамасы ауыр дене қызметінен кейін пайда болады//

Стенокардия ұстамасы жиілейді//

Стенокардия ұстаманың ұзақтығы қысқарады//

АҚҚ жоғарылайды//

+Стенокардия ұстамасының ұзақтығы артады

***

.56 жастағы науқаста ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК 2. Стенокардия ұстамаларының жиілеуіне және ұзаруына, дене қызметіне төзімділіктің азаюына шағымданды. Кардиологтың тағайындаған емін дұрыс қолданады. ЭКГ-де динамика өзгеріссіз. Науқастың жағдайын тексергеннен кейін дәрігер төмендегі диагнозды қойды://

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК2.//

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК3.//

+ ЖИА, тұрақсыз стенокардия .//

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК4//

ЖИА, миокардтың жедел инфаркті.

***

45 жастағы науқастың АҚҚ 155/95 мм, с.б., қауіп факторлары, нысана ағзаларының зақымдануы және қосарланған аурулары жоқ. 1999 жылы ДДҰ шешімі бойынша науқасты қандай қауіп тобына жатқызуға болады?//

+ Төменгі қауіп тобы//

Орташа қауіп тобы//

Жоғары қауіп тобы//

Өте жоғары қауіп тобы//

Ноль тобы

***

.48 жастағы науқастың АҚҚ 142/94 мм, с.б., нысана ағзаларының зақымдануы жоқ, қосарланған ауруы қантты диабет. 1999 жылы ДДҰ шешімі бойынша науқасты қандай қауіп тобына жатқызуға болады?//

Төменгі қауіп тобы//

Орташа қауіп тобы//

Жоғары қауіп тобы//

+ Өте жоғары қауіп тобы //

Ноль тобы

***

***

66 жастағы науқастың анамнезінде ЖИА. Дене қызметінен кейін ентігуге және жүрек соғысының бұзылуына шағымданды. Науқасқа ЭКГ істелінді. Сіздің шешіміңіз қандай?//

Гис будасының солжақ тармағының блокадасы//

Эктопиялық ритм//

Гис будасының оңжақ тармағының блокадасы//

+Синоатриалдық блокада//

Қарыншалық экстрасистолия

***

49 жастағы науқаста ЖИА, тұрақты стенокардия. 600 м қашықтыққа кәдімгі жүріспен жүргенде, ал суық және желді күндері 400 м қашықтыққа жүргенде пайда болатын ентігуге шағымданды. Осы науқастың жағдайы қандай функциональды класқа тән болады?//

ЖИА.күш түскеннен кейін болатын стенокардия ФК I//

+ЖИА.күш түскеннен кейін болатын стенокардия ФК II//

. ЖИА.күш түскеннен кейін болатын стенокардия ФК III//

ЖИА.күш түскеннен кейін болатын стенокардия ФК IV//

ЖИА.күш түскеннен кейін болатын стенокардия ФК V

***

.58 жастағы науқас өте ауыр жұмыстан кейін пайда болып, тыныш күйде басылатын, төс артының және жүрек аймағындағы ауру сезімінің 1 ай бойы мазалайтынына шағымданды.Дәрігер науқасқа төмендегідей диагноз қойды://

Қабырғааралық невралгия//

+ Бірінші рет пайда болған стенокардия//

Күш түскеннен болатын стенокардия ФК1//

Жедел коронарлық синдром//

Миокард инфаркті

***

.АГ-ның 3-ші дәрежесімен ауыратын 56 жастағы науқастың зәрінде микроальбуминурия анықталды.Дәрігердің қойған диагнозы://

АГ 3дәреже, өте төмен қауіп тобы//

АГ 3дәреже, төмен қауіп тобы//

АГ 3дәреже, орташа қауіп тобы//

+АГ 3дәреже, жоғары қауіп тобы//

АГ 3дәреже, өте жоғары қауіп тобы

***

.77 жастағы 23 жылдан бері АГ-мен ауыратын науқас тыныштық кезде де болатын ентігуге, жүрек соғысының жиіленуіне, аяғының ісінуіне шағымданды. Бұл жағдайды дәрігер жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен түсіндірді. Жүректің Нью-Йорк Ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша бұл клиника қандай функциональды класқа тән болады?//

I ФК//

II ФК//

III ФК//

+IV ФК//

0 ФК

***

.II дәрежедегі АГ ауруы бар 52 жастағы науқастың анамнезінде 3 жылдан бері подагра ауруы бар. Емдеуде қандай дәрілік топ қолданылмайды?//

+Тиазидті диуретиктер//

АПФ ингибиторлары//

Β-блокаторлар//

Кальций антагонисттері//

Нитраттардан

***

.67 жастағы науқаста ЖИА, тұрақты стенокардия ФК II. 500 м қашықтыққа кәдімгі жүріспен жүргенде және 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге шағымданды. Жүректің Нью-Йорк Ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша бұл клиника қандай функциональды класқа тән болады?//

I ФК//

+II ФК//

III ФК//

IV ФК//

0 ФК

***

45 жастағы науқаста гипертрофиялық кардиомиопатия 8 жылдан бері аздаған дене қызметінен кейін және 1 қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге шағымданды. Жүректің Нью-Йорк Ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша бұл клиника қандай функциональды класқа тән болады?//

0 ФК//

I ФК//

II ФК//

+III ФК//

IV ФК

***

.56 жастағы науқаста ревматизм, стенозы басым қосарланған митральды ақау. Тыныштықта да болатын ентігуге және жүрек соғысының жиіленуіне шағымданды. Жүректің Нью-Йорк Ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша бұл клиника қандай функциональды класқа тән болады?//

0 ФК//

I ФК//

II ФК//

III ФК//

+IV ФК

***

58 жастағы науқас 16 жылдан бері АГ-мен ауырады. Емін уақытында алады. Науқас ауыр дене қызметінен кейін болатын ентігуге шағымданды. Бұл жағдайды дәрігер жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен түсіндірді. Жүректің Нью-Йорк Ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша бұл клиника қандай функциональды класқа тән болады?//

0 ФК//

+I ФК//

II ФК//

III ФК//

IV ФК//

***

45 жастағы науқастың жүрек тұсы ауырады. ЭКГ бойынша Q тісшесінің интервалы 0,02 с.аспайды, тереңдігі R тісшесінің 1/6 бөлігі. Q тісшесі қандай ауруға сәйкес//

Миокард инфарктінің жедел сатысы//

+Қалыпты жағдай//

Миокард инфарктінің тыртықтану сатысы//

Трансмуральды инфаркттің белгісі//

Интрамуральді инфаркттің белгісі

***

60 жастағы науқаста АГ 3-ші дәреже. Анамнезінде ӨСОА (ХОБЛ). Науқасқа төмендегі қандай дәрілерді тағайындауға болмайды?//

АПФ ингибиторлары//

Кальций антагонистері//

+Селективті емес β-блокаторлары//

Диуретиктер//

Альфа-адреноблокаторлар

***

29 жастағы әйелге «ауруханадантыс пневмония» орта дәрежесі - деген диагноз қойылды. Науқастың өкпесінде қандай перкуторлық дыбыс анықталады?//

Қорап тәрізді перкуторлық дыбыс//

+Тұйықталған перкуторлық дыбыс//

Анық өкпе дыбысы//

Тимпанит//

Мозаика тәріздес дыбыс

***

27 жастағы науқас бронх демікпесімен ауырады. Науқастың өкпесінде қандай перкуторлық дыбыс анықталады?//

Ылғалды сырыл//

Демді ішке алғанда құрғақ сырыл//

+Демді сыртқа шығарғанда құрғақ сырыл//

Бронхиальды дыбыс//

Қатаң дыбыс

***

Өкпенің обструктивті ауруларына Тиффно индексінің қандай өзгерістері тән//

+Төмендейді//

Жоғарылайды//

Өзгермейді//

Тарылады//

Кеңейеді

***

Қандай жұмыс істеуге болмайды?//

+Поллютанттармен жұмыс//

Балалармен жұмыс

Компьютерде//

Бала бақшада//

Үйдегі жұмыс

***

36 жастағы әйел 10 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. Пикфлоуметрия не үшін тағайындалды?//

Аллергиялық статусты бағалау үшін//

Өкпе текті жүректі анықтау үшін//

Шылым шегу индексін анықтау үшін//

+Өкпе обструкциясын анықтау үшін//

Өкпе сыйымдылығының дәрежесін бағалау үшін

***

67 жастағы науқас күш түскен кезде күшейетін ентігуге, іріңді-шырышты сипаттағы қиындықпен шығатын қақырыққа, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілетініне шағымданды. Анамнезінде: Соңғы 20 жылда ӨСОА (ХОБЛ)- мен ауырады.Тәулігіне 20 сигарет шегеді. Ауруын суық тиюмен байланыстырады.

Перкуссия жасағанда оңжақ жауырын астында перкуторлық дыбыс тұйықталған.Аускультация жасағанда сол жерде әлсіз дыбыс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл және өкпенің барлық бөлігінде шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі.Науқасқа диагноз қойып,емде:\\

Ауруханадантыс оңжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі +орташа, ӨСОА(ХОБЛ) Емі: цефуроксим 0,75г 8 сағат сайын бұлшық етке,АЦЦ 200 1таб.2 рет,ипратропиум бромиді 3ингаляция тәулігіне 4 рет.

Ауруханадантыс оңжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа, ӨСОА(ХОБЛ) Емі: кларитромицин0,5г 12 сағат сайын бұлшық етке,теофиллин 300 мг.2 рет, бромгексин 1таб. рет тәулігіне.

Ауруханадантыс оңжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа, ӨСОА(ХОБЛ) Емі: метрогил көктамырға,тетрациклин250000 бір. 4рет, теофиллин 300 мг.2 рет бромгексин, 1таб. 3 рет тәулігіне.

Ауруханадантыс оңжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Емі: амоксиклав625 г 3 рет тәулігіне, бромгексин 2 таб 3рет тәулігіне.

ӨСОА(ХОБЛ), ауырлық дәрежесі орташа, Емі: гентамицин 80 мг.3 рет, теофиллин 300мг.2 рет, бромгексин 2таб.3рет тәулігіне.

***

42 жастағы науқас жалпы әлсіздікке,қалтырауға,тершеңдікке,оңжақ кеуде қуысының ауыратынына,ентігуге,қоңыр түсті қақырық шығатынына шағымданды.Анамнезінде: ауру жедел басталды(маскүйінде далада жатқан).Жалғыз тұрады, күніне 1,5 пачка сигарет тартады.Қарағанда: науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз,ентігеді, арық, кірлеген.

Перкуссия жасағанда: өкпенің оңжақ жоғарғы бөлігінде тұйық дыбыс пен құрғақ және орта \ ірі көпіршікті ылғалды сырыл естіледі.АҚҚ 80\60 мм.сы.бағ.Пульс 122рет минутына.Сіздің тактикаңыз қандай?\\

+Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға шұғыл жатқызу\\

Үйдегі стационарда емдеу\\

Тәулігіне 2г ампициллин, дене қызуын түсіретін дәрі беру\\

Амбулаториялық жағдайда метрогилмен емдеу\\

Азитромицин 500 тәулігіне 3күн бойы, преднизолон 30 мг тәулігіне және қақырық түсіретін дәрі

***

Пневмониямен(қоздырғышы пневмокок) ауыратын 35жастағы науқас 3 күн емделуде. Пенициллин 500000 бір. 6 рет тәулігіне және қақырық түсіретін дәрі берілді, бірақ жағдайы жақсармады,дене қызуы төмендемеді,жалпы жағдайы орташа қанағаттанарлық. Сіздің тактикаңыз қандай?\\

+Пенициллиннің орнына ровамицинді беру 3млн. бірлік. 3 рет 10 күн \\ Пенициллиннің дозасын көбейту\\

Бисептол 480 1 таб.2 рет беру\\

Гентамицинді 80 мг 3 рет беру\\

Аспирин 500 мг 3 рет , аскорбин қышқылы,гемодез

***

47 жастағы әйел жас кезінен бастап бронх демікпесімен ауырады,тұрақты түрде ингаляциялық бронхолитиктер қолданады.Соңғы жыл бойы күнде күндіз және түнде рет сальбутамолды қолданады.Дем шығарудың ең жоғарғы жылдамдығы(ПСВ)85% Объективті қарағанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сіздің тактикаңыз қандай?\\

Сальбутамолды қолдану жиілігін көбейту\\

Теофиллинді қолдану\\

+Ингаляциялық кортикостероидтарды беру\\

Натрий недокромилін беру \\

Сальбутамолдың орнына беродуал беру

***

68 жастағы науқас көп жылдан бері бронх демікпесімен ауырады.Соңғы жылдары бірнеше рет ауруханада емделді.Ауру өршіген кезде қысқа курспен алған преднизолонның көмегі болды.Дегенмен, ингаляциялық беклометазонды қолдану жиілігі 3 реттен 4 ретке дейін артты.Науқас беклометазонды қолдану күнде керектігін біле тұра, күніне тек 2-3 рет қана есіне алады. Дем шығарудың ең жоғарғы жылдамдығы(ПСВ)65 -85% Сальбутамолды ұстаманы басу үшін күніне 1-2 рет қолдануды жалғастыруда. Сіздің тактикаңыз қандай?\\

Беклометазонды 2 ингаляциядан 5рет қолдану\\

Сальбутамолды 4 ретке дейін қолдану\\

Науқасқа жағдайын және беклометазонды тұрақты қолдану керектігін түсіндіру\\

+Беклометазонның орнына ұзақ әсерлі ингаляциялық кортикостероид флутиказонды 2рет беру\\

Беродуал мен оттегі беру.

***

33жастағы науқас 5 жылдан бері орта дәрежедегі бронх демікпесімен ауырады. 2 жыл бойы 1,5 -2 таб.преднизолон ішеді және нәтижесі жақсы.Жалақысы жоғары жұмыс істейді.Соңғы жылдары АҚҚ көтерілетін болды, сонымен қатар,екі рет қандағы қанттың мөлшері жоғарылады.Бұл жағдай немен байланысты?\\

Аз қимылдау АҚҚ көтереді\\

+ Преднизолонның кері әсері\\

Науқаста жүрек қызметінің жеткіліксіздігі\\

Науқаста қант диабеті дамуда\\

АҚҚ мен қандағы қант мөлшерінің көтерілгені бронх демікпесінің ауыр ағымын білдіреді.

***

27жастағы науқаста 3 күн бұрын кенеттен қалтырау, құрғақ жөтел, оңжақ бүйірінің ауыруы, дене қызуы 38,9 болды.Кеуде қуысының оңжақ бөлігі дем алудан қалыс қалған.Перкуссия жасағанда: алдыңғы 3- ші қабырғааралық пен артқы жауырынаралық аймақтың ортасынан бастап тұйық дыбыс және осы аралықта тынысы естілмейді.Жүректің салыстырмалы\\\\солжақ шегі ортаңғы бұғанааралық сызықтан 1,5 см. сыртқа ығысқан.Осы өзгерістер қандай ауруға тән?\\

Оңжақ өкпенің төменгі бөлігіндегі ошақтық пневмония\\

Оңжақ крупозды пневмония\\

Созылмалы бронхиттің өршуі\\

+Оңжақ экссудативті плеврит\\

Оңжақ гидроторакс

***

49 жастағы науқасқа бронх демікпесінің өршуі себепті тәулігіне 20мг.преднизолон берілді.Негізгі ауруға көмек болғанымен эпигастральды аймақ ауырып,қыжылдау, «қышқыл кекірік» пайда болды.Ем тағайында:\\

Преднизолонды беруді жедел тоқтат\\

Преднизолонның дозасын екі есе азайт\\

Преднизолонды сол дозада, бірақ арасына бірнеше күн салып бер\\

+Преднизолонды жәйлап доғарып, ингаляциялық кортикостероид пен омепрозол бер\\

Преднизолонды парентеральды беру

***

28 жастағы науқас жөтелге, дем алғанда күшейетін, кеуде қуысының солжақ бөлігіндегі ауыру сезіміне, дене қызуының 38 көтерілетініне шағымданды. Перкуссияда жасағанда солжақ жауырын астында дыбыс тұйықталған.Аускультация жасағанда сол аймақта ұсақкөпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Ауру кенеттен суық тиюмен байланысты 5 күн бұрын басталды.Емхана дәрігері «пневмония» деген диагноз қойып,амоксициллин 500мг.тәулігіне 4 рет және бромгексин 2 таб.тәулігіне 3рет тағайындады.Науқасты емдеуді жалғастыр:\\

Амоксициллинмен емдеу сол дозада жалғастырылады\\

Амоксициллиннің дозасы көбейтіледі\\

Амоксициллиннің орнына тетрациклин беріледі\

Гентамицин қосымша беріледі\\

+Амоксициллиннің орнына азитромицин беріледі.

***

25 жастағы науқас әйел(8-10 апталық жүктілік)шырышты іріңді қақырық қиын шығатын жөтелге, дене қызуы 38 ке дейін көтерілгеніне шағымданды.Анамнезі: ауру суық тиюге байланысты кенет басталды. Солжақ жауырын астында дыбыс тұйықталған, бронхофония күшейген, ұсақкөпіршікті ылғалды сырыл естіледі.Қан анализінде лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары.Диагноз қойып, ем тағайында:\\

Жедел трахеобронхит, бромгексин, тетрациклин,аспирин\\

Жедел респираторлы инфекция, пневмония?Диагнозды анықтау үшін Rграфия жасау,амоксиклав, бронхолитин\\

Ауруханадантыс солжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа.Ципролет,аспирин,ауруханаға жатқызу\\

Ауруханадантыс солжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Метрогил, гентамицин, ауруханаға жатқызу.

+Ауруханадантыс солжақ төменгі бөліктік пневмония, ауырлық дәрежесі орташа.Спирамицин, ауруханаға жатқызу

***

Fe-дефицитті анемияның белгілеріне тән емес://

бас айналу//

әлсіздік//

+қан кету//

ентікпе//

жүрек соғуы

***

.Fe-дефицитті анемияның синдромы://

Кардиллогиялық//

Гастроэнтерологиялық//

+сидеропениялық//

Неврологиялық//гематологиялық

***

.Жедел лейкоздың алейкемиялық түрінде істеледі://

Көкбауырға пункция жасау//

+төске пункция жасау//

лимфа түйініне биопсия жасау//

эритроциттердің резистенттілігін анықтау//

билирубиннің мөлшерін анықтау

***

. Жедел лейкозда кездесетін лимфоаденопатия мен гепатоспленомегалия қандай синдромның белгісі?//

Анемиялық синдром//

+гиперпластикалық синдром//

Геморрагиялық синдром//

Плеториялық синдром//

Портальды гипертензия синдромы

***

5.Жедел лейкозда болатын анемияның себебі://

Эритропоэтин өндірудің бұзылуы//

Микроэлементтер мен дәрумендердің жеткіліксіздігі//

Эритроциттерге қарсыденелердің пайда болуы//

+Қан түзілуде қатерлі ісік жасушаларының басым болуы//

Темір сіңірілуінің бұзылуы

***

.Абсолютті лимфоцитоз қай ауруда кездеседі?//

Лимфогранулематоз//

Инфекциялық мононуклеоз//

+созылмалы лимфойдты лейкоз//

Агранулоцитоз//

Лимфа түйіндерінің туберкулезі

***

Плеториялық синдромға тән://

+эритремия( шын полицитемия)//

Созылмалы миелолейкоз//

Созылмалы лимфолейкоз//

Жедел лейкоз//

Сублейкемиялық миелоз

***

Fe-дефицитті анемияның синдромы://

+анемиялық//

Кардиологиялық//

Гастроэнтерологиялық//

Неврологиялық//

гематологиялық

***

Жас әйел әлсіздікке, дене қызуының көтерілетініне, буындарының ауыратынына, геморрагиялық бөртпелерге шағымданды. Ауырғанына 1 аптадай болды. Қанын тексергенде бласты жасушалар басым. Дәрігер қандай диагноз қоюы керек?//

Созылмалы лимфолейкоз//

+жедел лейкоз//

Лимфогрануломатоз//

Апластикалық анемия//

Аутоиммунды анемия

***

26 жастағы науқас әйел жалпы әлсіздікке, басының айналатынына, тырнақтарының сынғыштығына шағымданды. Жағдайының ауырлағанына 2 ай болды. 4 баласы бар,ең кішісі 3 айлық. Науқасқа «темір жетіспейтін анемия»- деген диагноз қойылды. Осы диагнозды қандай лабораторлық мәліметтер растайды?/

Гипохромия,микроцитоз,төс пунктатында сидеробластар//

Гипохромия,микроцитоз,өзгерген эритроциттер//

+ Гипохромия,микроцитоз, қансарысуының темірбайланыстыру қабілеті жоғарылайды//

Гипохромия,микроцитоз, қансарысуының темірбайланыстыру қабілеті төмендейді//

Гипохромия,микроцитоз, десферал сынамасы оң болады

***

65 жастағы науқас В 12- жетіспейтін анемиямен ауырады. Бұл науқасты емдеу ұзақтығы қанша болады?

+өмір бойы емделеді//

НВ қалыпты деңгейге көтерілгенше//

1 жылға дейін//

3 ай бойына//

1жылда 3 айдан 2 рет

***

. Темір жетіспейтін анемияға тән лабораторлық көрсеткіштерді көрсет://

Түс көрсеткіші жоғарылайды//

Микросфероцитоз//

+ қансарысуының темірбайланыстыру қабілеті жоғарылайды//

қансарысуының темірбайланыстыру қабілеті төмендейді//

десферал сынамасы оң болады

***

59 жастағы науқас жалпы әлсіздікке,тершеңдікке, дене қызуының көтерілетініне шағымданды.Ауырғанына 3 күн болған және суық тиюмен байланыстырады.Қарағанда: мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды, терімен жабыспаған, терісі өзгермеген.Бауыры мен көкбауыры аздап үлкейген.Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, лимфоциттердің саны -78%. Қандай диагноз болуы мүмкін?//

+созылмалы лимфолейкоз/

Жедел лейкоз//

Лимфогрануломатоз/

Апластикалық анемия//

Аутоиммунды анемия

***

Асқазанның жара ауруымен ауыратын 42 жастағы әйел әлсіздікке, басының айналатынына, дене қызметінен кейін ентігуге, жүрек соғысының жылдамдауына шағымданды.Бір рет үлкен дәретінің түсі қара болды.Қарағанда: терісі мен шырышты қабаты бозғылт. Жүрек тондары әлсіздеу, жүрек ұшында систолалық шу бар. Ішін пальпациялағанда эпигастрий тұсы ауырады.Тамыр соғысы-102 рет мин.Қанда:эрит.- 2,6млн.

НВ-70г/л,түс көрсеткіші- 0,8, лейк.- 3,8 мың.Жара ауруының асқынуынан қандай анемия пайда болды?//

В12-жетіспейтін анемия//

Гипопластикалық//

+темір жетіспейтін анемия//

Маркиафавы-Микели ауруы/

Аутоиммунды гемолитикалық

***

Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысудағы темір деңгейі төмен және бір ай құрамында темір бар препараттармен емдегенде нәтижесі жақсы болатын қандай ауру?//

Талассемия//

В12-жетіспейтін анемия//

+ теміржетіспейтін анемия//

Фолий қышқылы жетіспейтін анемия//

Минковский-Шоффар ауруы.

***

34 әйел әлсіздікке, басының айналатынына, дене қызметінен кейін ентігуге, жүрек соғысының жылдамдауына шағымданды.Бір рет үлкен дәретінің түсі қара болды.Қарағанда: терісі мен шырышты қабаты бозғылт. Жүрек тондары әлсіздеу, жүрек ұшында систолалық шу бар. Ішін пальпациялағанда эпигастрий тұсы ауырады.Тамыр соғысы-119 рет мин.Қанда: эрит.- 2,7млн.

НВ-82г/л,түс көрсеткіші- 0,75, лейк.- 4,8 мың, томбоцит- 200 мың,

ЭТЖ- 17мм/с.анизоцитоз, пойкилоцитоз.Сарысудағы темір-6,4мкмоль/л

Төмендегі қай препарат тиімді?//

+сорбифер дурулес//

Преднизолон//

Феррум лек//

Десферал//

Эритроцитарлық масса.

***

42 жастағы науқас физикалық күш түскеннен кейін пайда болатын ентігуге, жүрегінің қысып, шаншып ауыратынына шағымданды.

Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт,жүрек ұшы соғысы күшейген және солға ығысқан.Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында 2-ші тон әлсіреген және систолалық діріл естіледі.Науқаста қандай аускультациялық өзгеріс болуы мүмкін?//

Жүрек ұшында систолалық шу//

Жүрек ұшында диастолалық шу//

+ Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында систолалық шу//

Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында диастолалық шу//

Семсер тәрізді өсіндінің үстінде систолалық шу

***

45 жастағы жүк тасушы болып істейтін науқаста жүректің қосарласқан митральды-аортальды ақауы, ретсіз экстрасистолия түрінде жүрек ырғағының бұзылуы, ҚАЖ 2-ші А.

Науқастың еңбекке жарамдылығын анықта://

Еңбекке жарамды, жүк тасушы болып істеуіне болады//

Уақытша еңбекке жарамсыз//

ДКК арқылы басқа жұмысқа орналастыру//

+МӘСК-ке жіберу керек, өйткені еңбекке тұрақты жарамсыздықтың белгілері бар//

МӘСК шешімі бойынша емдеуді жалғастыру

***

3. Ревматизм тақырыбын талқылағанда студент осы ауруға тән белгілерді айтты. Студенттің қатесін тап://

Әсіресе ірі буындар зақымданады//

СҚҚП (НПВС) көмектеседі//

Аминохинол препараттарын тағайындау//

Глюкокортикоидтарды тағайындау//

+Ауру қайталағанда буын деформацияланады және қозғалысы бұзылады.

***

63 жастағы науқас әйел тізе және дистальды фалангааралық саусақ буындарының ауыратынына шағымданды.Ауырғанына көп болды.

Объективті тексергенде: салмағы 85 кг. бойы 155 см. Тізе буыны өзгерген,

қабынған, қозғалғанда «сартыл» естіледі, саусақ буындары қисайған және қатты түйіндер анықталды, АҚҚ160\100мм.сын.бағ.Ішкі ағзалары өзгеріссіз.

Сіздің болжау диагнозыңыз:\\

Подагралық полиартрит\\

Ревматоидты полиартрит\\

+Остеоартроз,полиостеоартроз\\

Ревматикалық полиартрит\\

Бруцеллезды полиартрит

***

63 жастағы науқас әйел тізе және дистальды фалангааралық саусақ буындарының ауыратынына шағымданды.Ауырғанына көп болды.

Объективті тексергенде: салмағы 85 кг. бойы 155 см. Тізе буыны өзгерген,

қабынған, қозғалғанда «сартыл» естіледі жіне ауырады, саусақ буындары қисайған және қатты түйіндер анықталды, АҚҚ160\100мм.сын.бағ.Ішкі ағзалары өзгеріссіз.Қанның анализі нв 120г\л,Эр 4.12 \л, лейкоцит 5,3* 10 9\л(формула өзгеріссіз)ЭТЖ 23 мм\сағ. СРБ+, буын R- графиясында буынаралық қуыс тарылған, субхондральды остеосклероз, зәр қышқылы 7 мг%. Ем тағайында:\\

цитостатиктер\\

кортикостероидтар таблетка түрінде\\

+қабынуға қарсы стероидты емес дәрі\\

Құрамында алтын бар дәрі\\

кортикостероидтар буынға енгізіледі

***

Төмендегі 5 симптомның: зәр қышқылының жоғарылауы,бүйрек тас ауруы, тофустар,рентгенде сүйек эпифиздерінің ақауы, буындардың анкилозы мен деформациясы - төртеуі кездесетін ауруды тап:\\

+ подагра\\

Ревматоидты полиартрит\\

Остеоартроз,полиостеоартроз\\

Ревматикалық полиартрит\\

Бруцеллезды полиартрит

***

37 жастағы науқас аяқ қол буындарының ауыратынына және күні бойы құрысатынына,ісінуіне,қозғалуының шектелуіне шағымданды(саусақ,білезік,тізе буындары)

Қарағанда: саусақ, білезік буындары ісінген,деформацияланған, сүйекаралық еттері сеңген(атрофия) Ішкі ағзалары өзгеріссіз.

Болжау диагнозыңыз қандай?\\

подагра\\

+Ревматоидты полиартрит\\

Остеоартроз\\

Ревматикалық полиартрит\\

Бруцеллезды полиартрит

***

. 37 жастағы науқас аяқ қол буындарының ауыратынына және күні бойы құрысатынына,ісінуіне,қозғалуының шектелуіне шағымданды(саусақ,білезік,тізе буындары)

Қарағанда: саусақ, білезік буындары ісінген,деформацияланған, сүйекаралық еттері сеңген(атрофия) Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Қанның анализі лейкоцит 14* 10 9\л нейтрофилез,ЭТЖ 42 мм\сағ. СРБ+++,Волер Роуз реакциясы 1:64, тізе буын Rграфиясында остеопороз, фибриноген 7 мг%

Дәрігердің тактикасы:\\

Емханада емдеу\\

Күндізгі стационарда емдеу\\

+Ревматология бөлімшесінде емдеу\\

Үйдегі стационарда емдеу\\

Емді қажет етпейді

***

Науқас дәрігерге созылмалы подагралық полиартриттің өршу сатысының белгілерімен келді.Мына препараттардың қайсысымен емдеу керек?

СҚҚП, цитостатиктер, кортикостероидтар, құрамында алтын бар дәрі, антуран, сульфосалазин, аллопуринол\\

СҚҚП, цитостатиктер, кортикостероидтар\\

СҚҚП, кортикостероидтар,құрамында алтын бар дәрі, \\

цитостатиктер, сульфосалазин, аллопуринол\\

құрамында алтын бар дәрі, антуран, сульфосалазин \\

+СҚҚП, антуран, аллопуринол

***

40 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғаннан кейін жалпы әлсіздікке , дене қызуының 37 көтерілетініне, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданды. Науқастың айтуы бойынша осы шағымдар 3 жылдан бері мазалайды.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, тері жамылғысы бозғылт, дене бітімі толық, тілі сарғылт жабындымен жамылған, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 110/70 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырға асты еті қатайған, Кер, Ортнер белгілері оң, бауыр үлкеймеген, іш қатуы жиі, кіші дәреті өзгеріссіз. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

+ Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

50 жастағы науқас соңғы бір айда ішінің үлкейгеніне, ентігуге, тәбетінің жоқтығына, әлсіздікке, денесінің қышығанына шағымданды. Анамнезінде: ішімдікті көп қолданған. Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 3 жыл болған бірақ дәрігерге көрінбеген. Обьективті: дене бітімі арық, тері жамылғысы сарғылт, қасығанның орны көрінеді, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, іші асциттің салдарынан үлкейген және бауыр мен көк бауырды анықтау мүмкін емес. Дәреті дұрыс. Диагноз қойыңыз//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы энтерит, өршу сатысы//

Созылмалы алкогольды гепатит, өршу сатысы//

+ Алкогольды бауыр циррозы. Ауырлық класы B Чайлд-Пью бойынша

***

Бауыр циррозымен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығын ұзартуға болады, егер://

Жүйелі түрде глюкокортикоидты қолданса//

Тамақтану тәртібін қатаң сақтаса//

Уақытында портокавальды анастомоз отасы мен спленэктомия жасаса//

+ психотерапия, дұрыс тамақтанса, этиотропты ем алып, алкоголь мен бауырға зиянды дәрілерді қолданбаса//

Алкоголь мен шылым шегуді тоқтатса

***

55 жастағы науқас 3 жылдан бері жиі өршитін 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Н2-блокаторларымен емдеу оң нәтиже берді. Жарадан қан кету себепті ауруханаға түсті. Ранитидинмен 4 апта емдегенде жара жазылды. Әрі қарай қалай емдеу керек//

+Н2-блокаторларымен көмекші (поддерживающая) емдеу//

Хирургиялық ем//

Сукральфатпен емдеу//

Н2-блокаторларымен курстық емдеу//

Терапия бөлімшесіне жатқызу

***

. 49 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғаннан кейін пайда болған тәулігіне 6 ретке дейін құсатынына және ішінің бел аймағына берілетін ауыру сезіміне шағымданды. Анамнезінде: ішінің ауыруы әртүрлі кезеңділікпен мазалап, біртіндеп күшейді. Диетаны сақтамады, тексерілмеген. Қарағанда: тілі ақ жабындымен жамылған, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 130/80 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда эпигастрия аймағында және Мейо-Робсон нүктесінде ауырғандық сезім бар, бауыр үлкеймеген, үлкен дәреті күніне 4 рет ботқа тәріздес (кашицеобразный), майлы. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

+Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

44 жастағы науқас дене қызуының 37,5-ке көтерілетініне, кекірікке, жүрек айнуға, оң жақ қабырға астының ауыратынына, іші қататынына шағымданды. 5 жылдан бері ауырады. Қарағанда: дене бітімі толық, тері жамылғысының түсі өзгеріссіз, ішінде және арқасында қасығанның орны көрінеді, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 130/80 мм сынап бағанасы. Тілі ылғалды, сары жабындымен жамылған. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауырады және Мерфи симптомы оң, бауыр үлкеймеген, үлкен дәреті 2 күн болмаған. Диагноз қойыңыз//

+ Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

26 жастағы ұста болып істейтін науқас эпигастрий аймағындағы тесіп ауыратын ауру сезімінің арқасына берілетініне және құсуына шағымданды. Ауру таңғы сағат 5-те басталады және таңғы астан кейін бәсеңдейді, бірақ 2-2,5 сағаттан кейін қайта күшейеді. Қарағанда: жағдайы орташа, тері жамылғысы ылғалды, суық, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз,

Тілі ақ жабындымен жамылған. Ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағы қатайған, ауырғандық сезім анықталады және Мендель симптомы оң. Бауыр үлкеймеген. Диагноз қойыңыз//

+ Бірінші рет анықталған асқазанның жара ауруы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

27 жастағы науқас басының және белінің ауыратынына, дене қызуының көтерілетініне, әлсіздікке, жүрек айнуға шағымданды. Анамнезінде: ангинамен жиі ауырған. Қалтырау болмаған. Обьективті: дене бітімі дұрыс, беті ісіңкі, дене қызуы 38,2. Тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 180/110 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, кіндіктен оңға қарай ортаңғы бөлік терең пальпациялағанда ауырады, бауыр үлкеймеген, кіші дәреті жиілеген ,ауыру сезімі бар, тәулігіне 6-8 рет.Зәрінің түсі қызарған, мөлдір емес. Диагноз қойыңыз//

+ Жедел диффузды гломерулонефрит//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

17 жастағы науқас ауруханаға түскенде шағымы болмады. Бір апта бұрын катаральды өзгерістер болды, дене қызуы субфебрильды. Ауырудың 3-ші күні зәрінің түсі өзгергенін байқады – қызғылт түс болған. Жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысы өзгеріссіз, АҚҚ 120/80 мм сын.б. Тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, ауырмайды. «Қағу» симптомы (поколачивания) екі жағында да оң. Зәр шығаруы өзгеріссіз, ісік жоқ. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1018, ақ уыз 0,18 г/л, лейк.1-2-3 көру/кең. Гиалин және түйіршікті цилиндрлер. Қанның жалпы анализі- өзгеріссіз. Диагноз қойыңыз//

Жедел диффузды гломерулонефрит//

Жедел пиелонефрит//

+Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

2 апта бұрын ангинамен ауырған 30 жастағы науқаста таңертең кенеттен ісік пайда болды. Анамнезінде бүйрек ауруы бар. Қарағанда: жалпы жағдайының ауырлығы орташа, беті ісіңкі, бозғылт, аяғы, белі іскен, асцит.

АҚҚ 190/120 мм сын.б. Өкпесінінің төменгі бөлігінде демалысы бәсең. Жүрек тондары ырғақты, анық. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бүйрек аймағы ауырады. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1010, ақ уыз 3,06 г/л, эритр. 50-60, лейк.1-2-3 Гиалин және түйіршікті цилиндрлер. Қанның жалпы анализі: Нв – 120 г/л, эритр.4,6х10/л, лейк – 8,3х10/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Диагноз қойыңыз//

+Жедел нефротикалық синдром//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

43 жастағы науқас сол жақ белі тұсының кейде күшейетін сыздап, батып ауыратынына шағымданды. Соңғы 5 жылда зәрмен кейде сары кірпіш түстес ұсақ тастардың шыққаны анықталды. УДЗ жасағанда сол жақ бүйректің кеңейген түбекшесінде эхопозитивті диаметрі 20 мм дейін акустикалық көлеңке анықталды. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – ақ уыз 0,033 г/л, эритр. 10-12, лейк.10-15 , зәр қышқылының кристалдары аз мөлшерде анықталды, бактерии ++. Диагноз қойыңыз//

+Сол жақ пиелонефрит, өршу сатысы//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Интерстициальды нефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

28 жастаға науқас жалпы әлсіздікке, ауызының құрғайтынына, мұрынынан кейде қан кететініне, бел тұсының батып ауыруына шағымданды. «Қағу» симптомы (поколачивания) екі жағында да оң. УДЗ жасағанда тостағанша – түбекше жүйесінің кеңейгені анықталды. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1004, ақ уыз 0,033 г/л, лейк.16-18, эритр.1-2, бактерии+++. Қанның жалпы анализі: Нв – 130 г/л, эритр.4,5х1012/л, лейк – 8,6х109/л. Диагноз қойыңыз//

+Созылмалы екі жақты пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы сол жақ пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Интерстициальды нефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

Урограммада бүйректің тостағаншасы мен түбекшесі кеңіген, асимметриялы зақымдалған.Бұл өзгеріс қай ауруға тән?//

+пиелонефрит//

Амилоидоз//

Туберкулез//

Гломерулонефрит//

Бүйрек тас ауруы.

***

Зоб дегеніміз не ?//

Қалқанша без функциясының төмендеуімен білінетін ауру//

Қалқанша без функциясының жоғарылаумен білінетін ауру//

Кеңірдектің басылуымен (компрессия) білінетін қалқанша без ауруы//

+Қалқанша без көлемінің әйелдерде 18 мл, еркектерде 25 мл артық болуы//

Қалқанша безде түйіндердің анықталуы

***

Диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастың қалқанша безін пальпациялағанда: //

+Консистенциясы жұмсақ, былқылдақ //

Екі бөлігінде де қатты түйіндер анықталады//

Атрофияның салдарынан без анықталмайды//

Тығыздығы біркелкі емес безде жұмсақ бөліктердің болуы//

Қалқанша без тығыздалған және теп-тегіс

***

47 жастағы әйел ұйқышылдыққа, әлсіздікке, терісінің құрғауына, ішінің қатуына, салмағының жоғарылауына (4 кг) шағымданды. Тексергенде: гипорефлексия, гипотермия пальпация жасағанда қалқанша безі аздап үлкейген. Диагнозды нақтылау үшін ең маңызды лабораторлық көрсеткіш көрсет.//

Холестеринді анықтау//

Креатининді анықтау//

Зәр қышқылын анықтау//

+Тиреоидтық гармонды анықтау//

ЭТЖ-ны анықтау

***

Тиреотоксикозды мерказолилмен емдегенде болатын асқыну.//

Гипокалиемия//

Қандағы креатининнің көбеюі//

+Нейтрофилдердің азаюы//

Гипергликемия//

Гипокальциемия

***

22 жастағы әйел ұйқышылдыққа, әлсіздікке, терісінің құрғауына, ішінің қатуына, салмағының азаюына, шөлдегіштікке және зәр мөлшерінің көбеюіне шағымданды. Осы белгілер соңғы 2-3 аптадан бері мазалайды. Қарағанда: есі анық емес, терісі құрғақ, тығыздығы (тургор) төмендеген, бұлшықет гипотониясы анықталды.Тыныс алуы жиілеген, (минутына 20 рет), АҚҚ 90/60 мм с.б., жүрек соғу жиілігі 98 мин., аузынан ацетон иісі шығады. Қандай диагноз қоясыз?//

2-ші типті қантты диабет, гиперосмолярлық жағдай//

Психогендік полидипсия//

1-ші типті қантты диабет//

+1-ші рет анықталған қантты диабет, кетоацидоттық прекома//

Қантсыз диабет

***

. Гликозилденген гемоглобиннің деңгейі нені көрсетеді?//

Осы уақыттағы гликемияның деңгейі//

Қант диабетінің соңғы асқынуларының даму болжамы//

Гипогликемияның даму қаупі//

+Соңғы 3 айдағы гликемияның деңгейі//

Кетоацидоздың дамуы

***

. Қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын 30 жастағы науқаста инсулин енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң коматоздық жағдай болды. көрсетілетін бірінші реттегі көмекті көрсет.//

ЭКГ-ге түсіру//

5% глюкозаны енгізу//

(10-20 б) инсулин енгізу//

Қанедағы креатинин, глюкоза, электролитті анықтау//

+40% 20 мл глюкозаны енгізу

***

Көптен бері қант диабетімен ауыратын науқастың соқыр болу себебі//

Глаукома//

Катаракта//

+Пролиферативті ретинопатия//

Көру нервтерінің атрофиясы//

Автономдық нейропатия

***

.Бойы 178 см, салмағы 98 кг науқас дәрігерге келді. Осы пациенттің дене салмағының индексі қандай болады?//

Дене салмағының дефициті//

Дене салмағы қалыпты//

Дене салмағы жоғары//

+1-ші дәрежедегі семіздік//

2-ші дәрежедегі семіздік

***

Суреттегі қалқанша без гиперфункциясына тән белгіні көрсет.//

Птоз//

Кератит//

+Экзофталь//

Халязион//

Склерит

***

Артық салмақты 50 жастағы науқас әйелде ашқарынға 2 рет гликемия 6,9 және 7,2 ммоль/л болды.Төмендегі қай диагноз сәйкес болады?//

Семіздік//

1типті қантты диабет//

+ 2типті қантты диабет//

Ашқарындағы гликемияның бұзылуы//

Глюкозаға төзімділіктің төмендеуі.

***

24 науқас бір айда 9кг. арықтағанына, ауыз құрғауына, шөлдегіштікке,

кіші дәреттің жиілеуіне, тәбетінің жоқтығына және жүрек айнуына шағымданды.Қарағанда: терісі құрғақ, алақаны мен табаны сарғайған, денесіне сыздауық шыққан. Зәрдегі қант-2,9%, ацетонурия бар. Төмендегі қай препарат тиімді?//

бигуанид//

сульфаниламид//

инсулин қоспасы//

+қысқа әсерлі инсулин//

ұзақ әсерлі инсулин

***

Другие тесты(непроверен)

1)Темір тапшылықты анемияға тән белгі//

ретикулоцитоз//

эритроциттердің макроцитозы //

+сарысудың темір байланыстырушы қасиетінің жоғарлауы//

темірдің тіндерге жиналуы//

ЭТЖ жоғарлауы

***

2)Гипопластикалық анемияға тән//

спленомегалия//

+панцитопения//

гем синтезінің бұзылысы//гиперхромия//

лимфоцитопения

***

3)Жалпы холестерин концентрациясының оптимальды деңгейі//

+5 ммоль/л//

10 ммоль/л//

15 ммоль/л//

20 ммоль/л//

25 ммоль/л

***

4)Бета-блокаторларды тағайындаудың қарсы көрсеткіштеріне барлығы жатады, біреуінен басқасы//

синустық брадикардия//

артериялық гипотензия//

бронхтық демікпе//

Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы//

+ жүрекшенің ұстамалы фибрилляциясы

5)Кенеттен болатын коронарлық өлімнің ең жиі себебі //

3-ші дәрежелі АВ-блокада//

жүрекше дірілі//

жүрек тампонадасы //

өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

+ қарынша фибрилляциясы

***

6)Коронарлық артериялар қандай деңгейге дейін тарылғанда күш түсу стенокардиясы пайда болады//

10-15 %//

20-35 %//

40-45% //

+ 50 -75%//

80% көп

***

7)Стенокардияның эквивалентіне кіреді//

жөтел//

бас ауыру//

+ентігу//

Ұйқышылдық//

іштің ауруы

***

8)Жедел миокард инфарктісі кезінде бета-блокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткіш//

жыбыр аритмиясы//

қарынша үстілік экстросистолия//

қарыншалық экстросистолия//

+атриовентрикулярлық блокада//

глаукома

***

9)АПФ ингибиторларының спецификалық жанама әсері//

+ жөтел//

Ентігу//

Тахикардия//

терідегі бөртпе//

жүрек дүрсілі

* **

10)Мына дәрі шумақтық фильтрацияның төмендеуіне әкеледі//

преднизолон//

цитостатиктер//

+индометацин//

курантил//

гепарин

***

11)Бактериемиялық шок төмендегі аурудың асқынуы болуы мүмкін//

+пиелонефриттің//

гломерулонефриттің //

подагралық нефропатияның//

амилоидоздың //

бүйрек поликистозының

***

12)Жүйелік ауруларға төмендегі аурулардың қайсысы жатпайды?://

+остеоартроз//

Түйінді полиартериит//

Вегенер гранулематозы//

Такаясу ауруы//

Геморрагиялық васкулит

***

13)Ревматоидты артриттің диагностикалық белгілеріне жатады: //

Ауру сезімі қимылдағанда пайда болады //

Ауру сезімі тыныштықта басылады//

Мидокальм қабылдаған соң ауру сезімі басылады //

Ауру сезімі қимылдай бастағанда болады//

+Түннің екінші жартысында үдей түсетін тыныштықта пайда болатын ауру сезімі

***

14) Рейтер ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілер? //

+антибиотиктер, стероидсыз қабынуға қарсы дәрілер //

ГКС //

хондропротекторлар //

алтын дәрілері //

жергілікті қабынуға қарсы майлар

***

15)Аш қарындық гликемия кезінде глюкозаға толеранттық тест қант мына деңгейде болғанда жүргізіледі://

3,3-5,5 ммоль/л//

+ 5,6-6,0 ммоль/л//

10,0 ммоль/л жоғары болғанда//

6,7-10,0 ммоль/л//

3,3 ммоль/л төмен болғанда

***

16)Қант диабетін компенсация сатысында ұстап тұру үшін маңызды болып саналады://

уақытымен госпитализациялау//

санаторлы-курортты ем//

физиоем//

+ науқастарды үйрету//

анамнезді толық жинау

***