Жедел оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi болып табылады | MegaDOCs

Жедел оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi болып табылады

181. Жедел оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi болып табылады:

A) митралды қақпақшаның стенозы.

B) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

C) аортаның стенозы.

D) аорта қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi.

E) өкпе артериясының стенозы.+

182. Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

A) өкпе артериясының тарылуы.

B) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.+

C) үшжарғақты қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

D) оң қарыншаның инфарктiсі.

E) өкпе аурулары.

183. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулық түрi дамиды:

A) жүрек ақауларында.

B) миокард ишемиясында.

C) миокардиттерде.

D) гиперволемия кезінде.+

E) қан тамырларының шеткi кедергiсiнiң жоғарлауында.

184. Жүректiң көлеммен зорығуы дамуы мүмкiн:

A) артериялық гипертензия кезiнде.

B) аорта қақпақшаларының стенозы кезiнде.+

C) артериялық гипотензия кезiнде.

D) көктамырлар қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезiнде.

E) гиперволемия кезiнде.

185. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулық түрi дамиды:

а) қанның көлемi азайғанда.

б) миокардтың ишемиясы кезiнде.

в) миокардиттер кезiнде.

г) жүрек қақпашаларының ақаулары кезiнде.+

д) гиповолемия кезiнде.

186. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалдық түрi пайда болады:

A) миокард инфарктiсiнде.+

B) гипертониялық ауру кезінде.

C) қанның артериовеноздық шунттауы кезінде.

D) қолқаның коарктациясы кезінде.

E) жүрек қақпақшаларының ақаулары кезінде.

187. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалдық түрi дамиды:

A) жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгiнде.

B) жүрек тесiктерiнiң тарылуында.

C) жүректiң ишемиялық ауруында.+

D) бiрiншiлiк артериялық гипертензияда.

E) гиперволемияда.

188. Салыстырмалы коронарлық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

A) тәж артериялардың тромбозы.

B) миокардта алмасулық үрдiстердiң бұзылуы.

C) тәж артериялардың атеросклерозы.

D) адреналиннiң тым артық өндiрiлуi.+

E) инфекциялық миокардит.

189. Жүректiң коронарогендiк зақымдалуы нәтижесiнде дамиды:

A) бiрiншiлiк артериялық гипертензия.

B) миокард инфарктісі.+

C) жүректiң барлық бөлiктерінiң гипертрофиясы.

D) жүрек ақаулары.

E) перикардит.

190. Коронарлық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

A) стероидты гормондардың артықтығы.

B) миокардтың электролиттiк балансының бұзылуы.

C) артериялық қанның оттегiге қанықпауы.

D) кезбе жүйкенiң жүректiк тармақтарының қатты тiтiркенуi.

E) тәж артерияларының атеросклерозы.+

191. Екiншiлiк артериялық гипертензия симптомы болып табылады:

A) өкпе ауруларының.

B) асқазан iшек жолы ауруларының.

C) бауыр ауруларының.

D) көк бауыр ауруларының.

E) бүйрек ауруларының.+

192. Cимптомдық артериялық гипертензиялардың iшiнде жиi кездесетiнi:

A) эндокриндiк.

B) бүйректiк.+

C) орталықтық нейрогендi.

D) рефлекторлық нейрогендi.

E) гемодинамикалық.

193. Ренопаренхиматоздық артериялық гипертензия байқалады:

A) несеп тас аруы кезiнде.

B) туа бiткен бiр бүйректiң жоқ болуы кезiнде.

C) бүйрек артериясының тарылуы кезiнде.

D) созылмалы гломерулонефрит кезiнде.+

E) бiр бүйректi алып тастау кезiнде.

194. Ренопривтiк гипертензияның патогенезiнде маңыздысы:

A) вазопрессин түзiлуiнiң артуы.

B) бүйректе кинин-простагландиндерінің түзiлуiнің бұзылуы.+

C) адреналин түзiлуiнiң артуы.

D) ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесiнiң әсерленуi.

E) глюкокортикоидтар түзiлуi бұзылуы.

195. Аортаның коартациясы кезiндегi артериялық гипертензия жатады:

A) бүйректiк артериялық гипертензияға.

B) нейрогендiк артериялық гипертензияға.

C) эндокриндiк артериялық гипертензияға.

D) дәрiлiк артериялық гипертензияға.

E) кардио-васкулярлық артериялық гипертензияға.+

196. Ортостатикалық коллапс пайда болады:

A) горинзоталды жағдайдан жылдам тiк тұрғанда.+

B) ұйқы безiнiң езiлуiнде.

C) тыныс алатын ауада оттегiнiң жедел төмендеуiнде.

D) iшек инфекцияларында.

E) ауқымды қан жоғалтуда.

197. Симптомдық артериялық гипотензия байқалады:

A) гиперальдостеронизмде.

B) феохромацитомада.

C) анемияда.+

D) жедел диффуздық гломерулонефритте.

E) Иценко-Кушинг ауруында.

198. Депрессорлық әсерi бар заттарға жатады:

A) адреналин.

B) альдестерон.

C) азот тотығы.

D) простагландин Е.+

E) лейкотриндер С4 және D4.

199. Прессорлық әсерге ие:

A) калликреин.

B) ангиотензин-II.+

C) простагландин Е.

D) азот тотығы.

E) жүрекшелiк натрийурездiк гормон.

200. Cимптомдық артериялық гипертензиялардың iшiнде жиi кездесетiн гипертензиялар:

A) аорта атеросклерозында.

B) феохромацитомада.

C) бiрiншiлiк альдестеронизмде.

D) гипертиреозда.

E) бүйрек зақымдануларында.+

201. ЭКГ R-R мен Т-Р арақашықтығының біркелкі қысқаруы тән:

A) синустық тахикардияға.+

B) синустық аритмияға.

C) жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 2-дәрежесіне.

D) жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 4-дәрежесіне.

E) қарыншалық экстрасистолияға.

202. Синустық (тыныстық) аритмияның патогенезінде маңызы бар:

серпін туындайтын  эктопиялық ошақ қалыптасуының.

кезбе жүйке межеқуаты толқуының.+

жүрекшелерден қарыншаларға қозу өткізілуі бұзылуының.

"re-entry" тетігінің.

пейсмекер жасушаларының шектік әлеуеті төмендеуінің.

203. Экстрасистолия пайда болады:

синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда.

нағыз рефрактерлік кезең  ұзарғанда.

серпін туындайтын  эктопиялық ошақ қалыптасқанда.+

серпін өткізілуі баяулағанда.

синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы біркелкі емес болғанда.

204. Эктопиялық ошағы жүрекшелік-қарыншалық тораптың жоғарғы жағында болатын экстрасистолия кезінде ЭКГ-да байқалады:

теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің алдында болуы.+

теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің соңында болуы.

Р өркеші экстрасистоланың қарыншалық кешенімен бірігіп кетуі.

экстрасистолалық жиырылу кезінде ЭКГ-да Р өркешінің жоқ болуы.

экстрасистоланың алдында  Т-Р арақашықтығының ұзаруы.

205. ЭКГ-дағы теріс Р өркеші тән:

синустық экстрасистолияға.

жүрекшелік-қарыншалық экстрасистолияға.+

сол қарыншалық экстрасистолияға.

оң қарыншалық экстрасистолияға.

жүрекшелік-қарыншалық бөгетке.

206. Жүректің көлденең бөгеті деп атайды:

қозудың Гис шоғырының оң аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын.

қозудың Гис шоғырының сол аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын.

серпіннің жүрекшелік-қарыншалық торап арқылы жүрекшелерден қарыншаларға өткізілуі бұзылуын.+

қозудың жүрекшелер бойымен  өткізілуі бұзылуын.

қозудың Пуркинье талшықтары бойымен өткізілуі бұзылуын.

207. Жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесі кезіндегі ЭКГ-ға тән:

кезексіз жүрек оралымының пайда болуы.

теріс Р өркеші болуы.

қарыншалық кешеннің түсіп қалуы.

қарыншалық кешеннің өзгеруі.

әрбір жүрек оралымында Р-Q арақашықтығының біркелкі ұзаруы.+

208. ЭКГ-да Венкебах-Самойлов кезеңдерінің пайда болуы тән:

жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесіне.

жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 2-дәрежесіне.+

жүрекшеішілік бөгетке.

жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 3-дәрежесіне.

жүрекшелердің өткізгіштік жүйесі бойымен серпіндер өткізілуі бұзылуына.

209. Жүректің толық көлденең бөгеті сипатталады:

тахикардия ұстамаларымен.

жүрекшелер мен қарыншалардың сәйкессіз жиырылуымен.+

жүрек жиырылуының біріне-бірі ауысатын жиілеу және сиреу кезеңдерімен.

жүректің шалыс соғуымен.

номотоптық жүрек ырғағымен.

210. Толық жүрекшелік-қарыншалық бөгет кезінде қарыншалар ырғағын басқарушы қалыптасады:

синустық-жүрекшелік торапта.

жүрекшелерде.

Гисс шоғырында.+

Гисс шоғырының сол аяқшасында.

Гисс шоғырының оң аяқшасында.

211. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі қабаттасады:

артериялық қанда оттегінің (рО2) және көмір қышқыл газының (рСО2) үлестік қысымының  жоғарылауымен.

артериялық қанда рО2 және рСО2 төмендеуімен.

веналық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен.

қанда рО2 төмендеуімен және рСО2 қалыпты болуымен.

артериялық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен.+

212. Ұяшықтық гиповентиляция әкеледі:

гипоксемия, гипокапния, ацидозға.

гипоксемия, гипокапния, алкалозға.

гипоксемия, гиперкапния, ацидозға.+

гипоксемия, гиперкапния, алкалозға.

газдық емес ацидозға.

213. Өкпе вентиляциясының обструкциялық бұзылысы пайда болады:

тыныс жолдарының  өткізгіштігі бұзылғанда.+

тыныстық бұлшықеттердің қызметі бұзылғанда.

өкпе ателектазында.

өкпенің тыныстық беткейі кішірейгенде.

тыныс алу орталығы қызметі тежелгенде.

214. Бронхылар обструкциясының қақпақшалық тетігі пайда болады:

өкпе эмфиземасы кезінде.+

пневмонияда.

сурфактант тапшылығында.

өкпе бөлігін алып тастағанда.

өкпе ісінуінде.

215. Жоғарғы тыныс жолдарының кеудесыртылық обструкциясы (мойын  аймағындағы) қабаттасады.

Биот тынысымен.

жиі үстіртін тыныспен.

демді сыртқа шығару қиындаған тыныспен.

Чейн-Стокс тынысымен.

демді ішке тарту қиындаған тыныспен.+

216. Тыныс жолдарының кеудеішілік обструкциясы қабаттасады:

стеноздық тыныспен.

жиі үстіртін тыныспен.

демді сыртқа шығарудың  қиындауымен.+

Чейн-Стокс тынысымен.

Е)  демді ішке тартудың қиындауымен.

217.  Көмей тарылуы қабаттасады:

жиі үстіртін тыныспен (тахипноэ).

жиі терең тыныспен (гиперпноэ).

демді сыртқа шығару қиындаған сирек терең тыныспен.

демді ішке тарту қиындаған сирек терең тыныспен.+

Биот  тынысымен.

218. Стеноздық тыныстың патогенезінде маңызы бар:

тыныс алу орталығы   қозғыштығы төмендеуінің.

Геринг-Брейер  рефлексі жылдамдауының.

Геринг-Брейер  рефлексі кешігуінің.+

Бейнбридж рефлексі іске қосылуының.

Эйлер-Лильестранд рефлексінің.

219. Төменгі тыныс жолдарының обструкциясы қабаттасады:

Тиффно индексінің төмендеуімен+

демді ішке тартудың қиындауымен.

стеноздық тыныспен.

Тиффно индексінің жоғарылауымен.

ӨҚК азаюымен.

220. Өкпе вентиляциясының рестрикциялық бұзылыстарын дамытпайтыны:

қабырғааралық миозит.

екіжақты пневмоторакс.

өкпе ателектазы.

сурфактант тапшылығы.+

ларингоспазм.

221. Экспирациялық ентік байқалады

бронхы демікпесінде      +

кеңірдек кеңістігі тарылғанда

плевритте      

тұншығудың 1- сатысында

көмей ісінуінде

222. Экспирациялық ентіктің патогенезінде маңыздысы                                  

Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі                                                          

Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы                                                          

өкпе тіні серпімділігінің төмендеуі +                                       

тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына сезімталдығының төмендеуі

жоғарғы тыныс жолдарында ауа легіне кедергінің жоғарылауы

223. Үзілісті тыныс – бұл  

демді тарту мен демді шығару  арақатынасы өзгерген тыныс  +

тыныс кезеңдерінің  апноэ кезеңдерімен кезектесетін тыныс

жиілеген тыныс   

тереңдігі өзгерген тыныс  

тыныстың тоқтауы

224. Үзілісті тыныстың патогенезінде маңызы бар:

тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы төмендеуінің +

тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы жоғарылауының

тыныс алу орталығының қатты қозуының

тыныс алу орталығының инспирациялық нейрондарының тұрақты түрткіленуінің  

E) Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауының                                                          

225. Тыныстың ақтық түрлеріне жатады

Биот тынысы

Куссмауль тынысы      

тахипноэ

брадипноэ      

гаспинг-тыныс +

226. Гиперпноэ байқалады

биіктік ауруында   +

АҚ жоғарылағанда

пневмонияда

есірткілер әсер еткенде   

көмей ісінгенде

227. Брадипноэ  байқалады

АҚ төмендегенде

тыныс алу орталығы тежелгенде +

өкпе ателектазында

гипоксияда     

пневмонияда

228. Тұншығудың 2-сатысы сипатталады

АҚ жоғарылауымен

экспирациялық тыныспен +

тахикардиямен     

инспирациялық ентікпен

симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен

229. Тұншығудың 1-сатысы сипатталады

АҚ төмендеуімен    

брадикардиямен  

инспирациялық ентікпен +

парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен

тыныс алу орталығының салдануымен

230. Тұншығудың патогенезіндегі маңыздысы

гиперкапния, гипоксемия, газдық ацидоз +

гиперкапния, гипоксемия, газдық алкалоз

гипокапния, гипероксия

гипероксия, гиперкапния, алкалоз

газдық алкалоз

231. Өкпе гиповентиляциясының өкпеішілік рестрикциялық бұзылысы болуы мүмкін:

өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде.

кеуде сарайының өзгеруінде.

қабырға шеміршектерінің сүйектенуінде.

іш шемені кезінде.

өкпенің жайылған фиброзында.+

232. Өкпе гиповентиляциясының өкпеден тыс рестрикциялық бұзылыстары кездеседі:

гидроторакста.

өкпе өспелерінде.

өкпе ателектазында.

Пневмокониоздарда.

өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде.+

233. Желдетілу бұзылуының рестрикциялық түрі сипатталады:

қарқынды дем шығарудың  бірінші секөнттегі көлемі (ҚДШК1) азайған.

ҚДШК1 өзгермеген.+

дем шығарудың барыншалық көлемдік жылдамдығы азайған.

Тиффно коэффициенті төмендеген.

өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылаған.

234. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі пайда болады:

ұяшықтар қалыңдағанда.

интерстициялық сұйықтың көлемі ұлғайғанда.+

қылтамырлардың негізгі мембранасы қалыңдағанда.

қанайналымының кіші шеңберінде қан іркілгенде.

төменгі тыныс жолдарының саңылауы кішірейгенде.

235.Ұяшықтық-қылтамырлық мембрана арқылы  диффузия  бұзылуы  байқалады

өкпенің жайылған фиброзында.+

плевритте.

бронхы демікпесінде.

көмей ісінуінде.

қабырғааралық миозитте.

236. Сыртқы тыныстың перфузиялық жеткіліксіздігі байқалады:

айналымдағы қан көлемі (АҚК) азайғанда.

жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігінде.+

жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде.

ұяшықтық гиповентиляцияда.

артериялық гипотензияда.

237. Өкпелік  гипертензияның себептері:

жедел қансырау.

сусыздану.

сілейме, естен тану.

жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі.+

жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі.

238. Өкпелік гипотензияның себебі:

Фалло тетрадасы.+

ұяшықтық ауада рО2 төмендеуі.

өкпе қылтамырларының қысылуы.

жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі.

өкпе артериясының эмболиясы.

239. Қылтамылалдылық өкпелік  гипертензия дамуы мүмкін:

жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде:

өкпе тамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің бұзылуында:

өкпенің майда тамырларының обтурациясында.+

өкпе көктамырларының басылуында.

қос жарғақты тесіктің бітелуінде.

240. Қылтамырсоңылық өкпелік гипертензия дамуы мүмкін:

өкпе артериолаларының басылуында.

өкпенің майда тамырларының обтурациясында.

өкпе артериолаларының тарылуында.

қос жарғақты тесіктің бітелуінде.+

дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының күрт азаюында.

241. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себебі болып табылады:

қуық асты безінің аденомасы.+

жүйелік қанайналымының бұзылуы.

жүйкелік-психикалық бұзылыстар.

гиперпаратиреоз.

алғашқы альлдостеронизм.

242. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады:

таспен несепағардың бітелуі.

гемолиздік  стрептококк және аутоиммундық үрдістер.+

жүйелік қанайналымының бұзылуы.

сілейме.

гипертониялық ауру.

243. Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады:

сілейме.+

ауыр металл тұздары.

гломерулонефрит.

кадмиймен улану.

үрпі түтігінің тарылуы.

244. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы дамиды:

коллапста.

жедел қансырауда.

гиперволемияда.+

сусыздануда.

несеп шығару жолдарының бітелуінде.

245. Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіш: 

  1.  лейкоцитурия.
  2.  гиперазотемия.+
  3.  аминацидурия.
  4.  цилиндрурия.
  5.  глюкозурия.

246.  Бүйректік клиренсті тексеру үшін клиникада анықтайды:

A) зәрнәсілді.

B) креатининді.+     

C) несеп қышқылын.

D) калийді.

E) фенол туындыларын.

247. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты:

  1.  шумақтарда дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауына.
  2.  шумақтың әкететін артериялары межеқуатының жоғарылауына.
  3.  шумақтың әкелетін артериялары межеқуатының жоғарылауына.+
  4.  шумақтық сүзгі ауданының ұлғаюына.
  5.  қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне.

248. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты:

А) қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне.

В) гипергидратацияға.

С) гиперволемияға.

D) гипопротеинемияға.

Е ) гиповолемияға.+  

249. Бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуына тән:

гемоглобинурия.

несепте жұқарған эритроциттердің болуы.

креатинин тазартылуының төмендеуі.

изостенурия.+

гиперазотемия.

250. Фанкони синдромына тән:

глюкозурия, аминацидурия.+

гиперкалиемия.

гипергликемия.

  1.  дисталдық өзекшелік ацидоздың дамуы.
  2.  гиперпротеинемия.

251. Проксималды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін:

  1.  аммониогенез күшейгенде.
  2.  сутегі иондарының өзекшелік сөлденісінің төмендеуі.
  3.   натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда.
  4.  ацидогенездің күшеюінде.
  5.  бикарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылысында.+

252. Дисталды өзекшелік  ацидоз дамуы мүмкін:

аммониогенез күшейгенде.

сутегі иондарының өзекшелік шығуының төмендеуінде.+

натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда.

ацидогенездің күшеюінде.

E) бикарбонаттардың кері сіңірілуінің бұзылуында.

253. Олигурияның патогенезі байланысты:

шумақтарда сүзілу үрдістерінің жоғарылауына.

өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне.

бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына.+

бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуіне.

E)  бүйректің бұра-қарсы ағатын тетігі жұмысының бұзылуына.

254. Полиурияның патогенезі байланысты:

шумақтарда сүзілу үрдістерінің төмендеуіне.

өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне.+

бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына.

бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің жоғарылауына.

несеп шығаратын жолдарымен несеп ағуының қиындауына.

255. Талғамды протеинурияның патогенезінде маңыздысы:

  1.  нефрон шумақтарының мембранасы өткізгіштігінің төмендегенде.
  2.  алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылғанда.
  3.  шумақтық сүзгінің базальді мембранасының теріс зарядының азаюы.+
  4.   проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының деструктивті өзгерістері.

Е) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің  бұзылуында.

256. Шумақтық протеинурияның патогенезінде маңыздысы:

нефрон шумақтарының сүзгілік мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы.+

алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылуы.

проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері.

D) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің  бұзылуы.

Е) кері сіңірілу үрдістерінің қалжырауы.

257. Айтарлықтай протеинуриядан дамиды:

бөгелулік гиперазотемия.

организмнің жұқпаларға төзімділігінің жоғарлауы.

гипопротеинемия.

ісінулер.+      

организмнің сусыздануы.

258. Бүйректік гематурия ... салдарынан дамуы мүмкін.

бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы+     

бүйрек өзекшелерінің дисталдық бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

бүйрек өзекшелерінің проксималды бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

бүйрек өзекшелерінде сөлденіс үрдістерінің бұзылуы

бүйректің қоюландыру қабілеттігінің бұзылуы

259. Несептің бүйректік дерттік бөлшектері болып табылады:

жұқарған эритроциттер.+    

тура емес билирубин.

өзгермеген («жаңа») эритроцит.

өт қышқылдары.

уробилиноген.

260. Изостенурия – бұл:

несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,010-1,012.+            

несептің тәуліктік мөлшерінің жоғарылауы.

несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,020-1,025.

несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы.

несеп шығарудың тоқталуы (50 мл/тәулік-тен аз).

261. Аталық бездерінің гиперфункциясына алап келеді:

  1.  гонадолибериндер түзілуінің төмендеуімен қабаттасатын мидың ісіктері.
  2.  аталық бездері ұлпасының аутоиммундық зақымдануы.
  3.  семіру.
  4.  гонадотроптық гормондарының тым артық түзілуі.+
  5.  тиреотроптық гормонның тым артық түзілуі.

262. Тұқым қуатын тубулопатияның мысалы болып табылады:

  1.  Фанкони синдромы.+
  2.  нефроздық синдром.
  3.  нефриттік синдром.
  4.  Гудпасчер синдромы.
  5.  Конн синдромы.

263. Бүйректің проксималды өзекшелерінің қызметі бұзылуының көрінісі болып

табылыды:

  1.  гематурия.+
  2.  лейкоцитурия.
  3.  билирубинурия.
  4.  аминацидурия.
  5.  уробилинурия.

264. Анорхизм – бұл:

  1.  ұмада бір жұмыртқаның болмауы.
  2.  ұмада екі жұмыртқаның болмауы.+
  3.  екі жұмыртқаның іш пердесіне бітуі.
  4.  іш пердесінен  ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі.
  5.  ата бездерінің өзінің қалыпты орнында орналаспауы.

265. Монорхизм – бұл:

  1.  ұмада бір жұмыртқаның болмауы.+
  2.  ұмада екі жұмыртқаның болмауы.
  3.  екі жұмыртқаның іш пердесіне бітуі.
  4.  іш пердесінен  ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі.
  5.  ата бездерінің өзінің қалыпты орнында орналаспауы.

266. Қуықытың экстрофиясы - бұл:

  1.  қуық қабырғасының қалта тәрізді томпиып шығуы.
  2.  қуықтың жыланкөзі.
  3.  қуықтың туа біткен облитерациясы.
  4.  зәрағардың артқы қабырғасының болмауы.+
  5.  қуықтың алдыңғы қабырғасының туа біткен жырығы.

267. Аналық бездері гипофункциясының көріністеріне жатпайды:

  1.  жыныстық жетілуінің баяулауы.
  2.  аменорея.
  3.  жыныстық ерте жетілуі.+
  4.  жатырдың дисфункционалдық қан кетуі.
  5.  бедеулік.

268. Етеккір болмауы келесі терминмен аталады:

  1.  аменорея.+
  2.  полименорея.
  3.  олигоменорея.
  4.  меноррагия.
  5.  альгоменорея.

269. Етеккірдің тұрақты 7 күннен артық көп келуі келесі терминмен аталады:

  1.  аменорея.+
  2.  полименорея.
  3.  олигоменорея.
  4.  меноррагия.
  5.  альгоменорея.

270. Аналық бездері гиперфункциясының көріністеріне жатады:

  1.  жыныстық ерте жетілуі.+
  2.  акромегалия.
  3.  крипторхизм.
  4.  евнухоидизм.
  5.  адреногениталды синдром.

271. Анорексия – бұл:

A) жұтудың мүлiксiздiгi.

B) тәбеттiң болмауы.+

C) шектен тыс күшейген тәбет.

D) тағамды артық пайдалану.

E) жұтудың бұзылуы.

272. Булимия – бұл:

A) тағамды артық пайдалануы.

B) жұтудың мүлiксiздiгi.

C) тәбеттiң болмауы.

D) шектен тыс күшейген тәбет.+

E) жұтудың бұзылуы.

273. Полифагия – бұл:

A) жұтудың мүлiксiздiгi.

B) шектен тыс күшейген тәбет.

C) тағамды артық пайдалануы.+

D) жұтудың бұзылуы.

E) тәбеттiң болмауы.

274. Дисфагия – бұл:

A) жұтудың мүлiксiздiгi.

B) тағамды артық пайдалануы.

C) шектен тыс күшейген тәбет.

D) тәбеттiң болмауы.

E) жұтудың бұзылуы.+

275. Невроздық анорексия байқалады:

A) терiс эмоцияларда.+

B) қантты диабетте.

C) iшектiк жұқпаларда.

D) уыттануда.

E) ауырсыну сезiмiнде.

276. Нервтiк-психоздық анорексия байқалады:

A) ас орталығының су әсерiнен тежелгенде.

B) ми қыртысы қатты қозғанда.

C) артық толықтықты сезгенде.+

D) аурсыну синдромында.

E) уыттану кезінде.

277. Гиперорексия байқалады:

A) ас орталығының тежелуiнде.

B) уыттану кезінде.

C) аурсыну синдромында.

D) қантты диабетте.+

E) гипоталамустың вентролатералды ядролары зақымданғанда.

278. Парорексия – бұл:

A) тез тойғыштық.

B) тәбеттiң бұрмалануы.+

C) жатудың бұзылуы.

D) тәбеттi артуы.

E) тәбеттi төмендеуi.

279. Гиперсаливация байқалады:

A) сиалолитазда.

B) сиалоаденитте.

C) паротитте.

D) қызбада.

E) гельминтоз, жүктiлiк токсикозында.+

280. Гиперсаливацияның салдары:

A) тiлде жабынның болуы.

B) ауыз қуысында қабынудың дамуы.+

C) көптеген тiстерде кариестің болуы.

D) гипокалиемия.

E) ксеростомия.

281. Мальабсорбция деп атаймыз:

A) ашығудан болатын синдромды.

B) iшекке өт түсуiнің күшеюiн.

C) ұйқы безiнiң эндокриндiк қызметiнiң бұзылуын.

D) iшектердiң қимылдық әрекеттерiнiң күшеюiн.

E) аш iшекте тағамдық заттардың сiңiрiлуiнің бұзылуын.+

282. Біріншілік мальабсорбция дамиды:

A) гипохолияда.

B) лактазаның тұқым қуалайтын жеткіліксіздігінде.+

C) глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тұқым құалайтын жеткіліксіздігінде.

D) энтериттерде.

E) гастриттерде.

283. Мальабсорбция синдромы тағамдық заттардың сiңiрiлуiнің бұзылуымен сипатта-лады:

A) тоқ iшекте.

B) 12-елi iшекте.

C) асқазанда.

D) аш iшекте.+

E) тiк iшекте.

284. Стеаторея – бұл:

A) майдың қанда жиналуы.

B) майдың нәжiспен шығуы.+

C) стеркобилиннiң нәжiспен шығуы.

D) майдың зәрмен шығуы.

E) уробилиннiң нәжiспен шығуы.

285. Стеаторея дамиды:

A) iшек моторикасының қиындауында.

B) асқазан сөлiнiң гиперсекрециясында.

C) ағзаға ақуыздың артық түсуінде.

D) iшек липазаларының жоғары белсендiлiгiнде.

E) ахолияда.+

286. Атониялық iш қату дамиды:

A) тағамда клетчатка жетiспегенде.+

B) iшек тарылуында.

C) қорғасынмен уланғанда.

D) мальабсорбцияда.

E) гастрин жеткiлiксiздiгiнде.

287. Механикалық iшек бiтелуi пайда болады:

A) iшек бұлшық етiнiң парездерi кезiнде.

B) iшек тамырлары қабырғасының тромбозы кезiнде.

C) iшек iсiгi және гельминтозы кезiнде.+

D) iшек бұлшық етiнiң спазмы немесе салдануы кезiнде.

E) iшек қабырғасы тамырларының салдануы кезiнде.

288. Iшектiк аутоинтоксикацияның патогенезiнiң негiзiнде жатады:

A) өт қышқылдарының әсері.

B) тура емес билирубиннің әсері.

C) кетон денелерiнің әсері.

D) iшекте шiрiген нәруыз өнiмдерi және биогендiк аминдер (кадаверин, путресцин) әсері.+

E) тура билирубиннің әсері.

289. Механикалық ішек бітелуі пайда болады:

A) ішек тамырлары қабырғасының тромбозы кезінде.

B) ішек қабырғасының қысылып қалу кезінде.+

C) ішек бұлшық етінің  парездері кезінде.

D) ішек бұлшық етінің  спазмы немесе салдануы кезінде.

E) ішек қабырғасы тамырларының салдануы кезінде.

290. Ішек қимыл-қозғалыстық әрекетінің күшеюі байқалады:

A) асқазан сөлінің көп бөлінуінде.

B) ішек қақпашасының жетіспеушілігінде.

C) ішек қақпашасының тарылуында.

D) асқазан сөлінің гиперхлоргидриясында.

E) асқазан сөлінің қышқылдығы төмендегенде.+

291. Бауыр жеткiлiксiздiгi кезiнде аммиактың жиналуы әсiресе улы:

A) құрсақ қуысының органдарына.

B) терiге.

C) бұлшық еттерге.

D) сүйек тiнiне.

E) орталық жүйке жүйесiне. +

292. Бауыр жеткiлiксiздiгi кезiнде көмiрсулар алмасуының бұзылуы сипатталады:

A) глюконеогенез тежелуiмен+

B) кетондық денелер синтезi тежелуiмен

С) гликоген синтезi күшеюiмен

D) галактоза мен фруктозаның глюкозаға айналуымен

Е) қанда глюкоза мөлшерiнiң жоғарылауымен

293. Бауыр жеткiлiксiздiгi кезiнде майлар алмасуының бұзылуы сипатталады:

A) бауырдың iшекке үшглицеридтердi бөлуi жоғарылаумен

B) кетондық денелер түзiлуi төмендеуiмен

С) май қышқылдарының тотығуы күшеюiмен

D) тығыздығы жоғары липопротеидтердiң синтезi артуымен

Е) фосфолипидтер түзiлуiнiң төмендеуiмен+

294. Бауыр үстi сарғыштанудың патогенезiндегi негiзгi тiзбек:

A) эритроциттердiң күшейген гемолизi.+

B) жүрек жеткiлiксiздiгi.

С) инсулин жеткiлiксiздiгi.

D) өттiң ағып кетуiнiң бұзылуы.

Е) организм дегидратациясы.

295. Гемолиздiк сарғыштануға тән:

A) нәжiстiң түссiзденуi.

B) қанда байланысқан билирубиннiң артуы.

С) қанда бос билирубиннiң артуы.+

D) iшекте ас қорытылудың бұзылуы.

Е) зәрмен бос билирубиннiң шығуы.

296. Гемолиздiк сарғаю үшiн қанда көп мөлшерде пайда болуы тән:

A) тура емес билирубиннiң.+

B) өт қышқылдарының.

С) тура билирубиннiң.

D) уробилиногеннiң.

Е) стеркобилиннiң.

297. Бауыр асты сарғыштанудың патогенезiндегi негізгi тiзбек:

A) эритроциттердiң күшейген гемолизi.

B) гепатоциттердiң зақымдануы.

С) сиалолитиаз.

D) уролитиаз.

Е) өттiң ағып кетуiнiң бұзылуы.+

298. Бiр рет көлемдi қан жоғалтқан кезде пайда болады:

  1.  жедел постгеморрагиялық анемия.+
  2.  В12-тапшылықты анемия.
  3.  жедел гемолитикалық анемия.
  4.  жедел аплазиялық анемия.
  5.  темiр тапшылықты анемия.

299. Тұқым қуатын гемолиздiк анемияның мембранопатиялық түрiне жатады:

  1.  микросфероцитоз.+
  2.  глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа.
  3.  альфа-талассемия.
  4.  орақ тәрiздi жасушалы анемия.
  5.  бета-талассемия.

300. Орақ тәрiздi жасушалы анемияның дамуы байланысты:

  1.  глобиннiң β-тiзбегiнде глутамин қышқылының валинге алмасуына.+
  2.  нуклеотидтер метаболизмiнiң бұзылуына.
  3.  глобиннiң β-тiзбегiнiң түзiлу жылдамдығының бұзылуына.
  4.  пентозофосфаттық циклiнде глюкоза-6-фосфат тотығуының тежелуiне.
  5.  эритроцит мембранасының нәруызды-липидтi құрылымының гендiк ақауына.

301. Витамин В12-тапшылықты анемияның патогенезiне көрсетiлмеген тiзбегiн

енгiзiңiз. Витамин В12 тапшылығы → метилкобаламиннiң түзiлуiнiң →

тетрагидрофолий қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы → ..?.. → эритроциттердiң өсiп-өнуi және жетiлуi үрдiсiнiң төмендеуi

  1.  ДНҚ түзiлуiнiң бұзылуы.+
  2.  миелин түзiлуiнiң бұзылуы.
  3.  май қышқылдарының түзiлуiнiң бұзылуы.
  4.  дезоксиаденозилкобаламин түзiлуiнiң бұзылуы.
  5.  янтарь қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы.

302. Мегалобластық қан түзу түрi тән:

  1.  В12-тапшылықты анемия үшiн.+
  2.  аплазиялық анемия үшiн.
  3.  темiр тапшылықты анемия үшiн.
  4.  постгеморрагиялық анемия үшiн.
  5.  гемолиздiқ анемия үшiн.

303. Панцитопения қандай анемияға тән:

  1.  гипо- және аплазиялық анемияға.+
  2.  жедел постгеморрагиялық анемияға.
  3.  талассемияға.
  4.  гемолиздiк анемияға.
  5.  орақ тәрiздi жасушалы анемияға.

304. Науқас 15 жаста, терi қабаттары бозарыңқы, жасылдау реңмен, қан анализiнде: Гемоглобин - 65 г/л; эритроциттер 3,8 х 1012/л;  ретикулоциттер - 0,1%. Қан жағындысында - сақина тәрiздес эритроциттер. Анемия сипатын анықтаңыз:  

  1.  гемолиздік, нормобласттық, гиперрегенераторлық анемия.+
  2.  В12-тапшылықты, мегалобласттық, гиперрегенераторлық анемия.
  3.  темiр тапшылықты, нормобласттық, гипорегенераторлық анемия.
  4.  сидероахрезиялық, нормобласттық, гипорегенераторлық анемия.
  5.  нормобласттық, гипорегенераторлық анемия.

305. Науқаста жалпақ құрт бар. Анализiнде гемоглобин - 95г/л, эритроцит - 2,8 х 1012/л, ретикулоцит - 0,5 %, мегалоциттер мен мегаблобластар анықталды. Анемияны анықтаңыз.

  1.  витамин В12-тапшылықты анемия.+
  2.  темiртапшылықты анемия.
  3.  гемолиздiк анемия.
  4.  сидероахрестикалық анемия.
  5.  гипоплазиялық анемия.

306. Гемограмманы тұжырымдаңыз: эритроциттер - 3,2 х 1012/л, гемоголбин – 60 г/л, ТК - 0,6, ретикулоцит - 1%, лейкоцит - 4,5 х 109/л, сидеропения. Қан жағасында: микроцитоз, гипохромды эритроцит, пойкилоцитоз.

  1.  темiр тапшылықты анемия.+
  2.  жедел жүре пайда болған гемолиздiк анемия.
  3.  В12-фолий-тапшылықты анемия.
  4.  жедел постгеморрагиялық анемия.
  5.  гипоаплазиялық анемия.

307. Гемограмманы тұжырымдаңыз: эритроциттер - 1,2 х 1012/л, гемоглобин - 60г/л, ТК - 1,5, ретикулоцит - 0,3%, лейкоцит - 3,5 х 109/л, тромбоцит - 180 х 109/л. Қан жағасында: мегалоциттер, эритроцитттердiң аницитозы және пойкилоцитозы, мегалобласттар.

  1.  В12-фолий-тапшылықты анемия.+
  2.  гипоаплазиялық анемия.
  3.  жедел жүре пайда болған гемолиздiк анемия.
  4.  темiр тапшылықты анемия.
  5.  жедел постгеморрагиялық анемия.   

308. Бласттар 60%, анемия, тромбоцитопениялық лейкоцитоз тән:

  1.  жедел лейкоз үшiн.+
  2.  агранулоцитоз үшiн.
  3.  лейкемоидты реакция үшiн.
  4.  созылмалы лейкоз үшiн.
  5.  лейкоцитоз үшiн.

309. Миелопероксидазаның жоғары белсендiлiгi тән:

  1.  миелобласттық лейкозға.+
  2.  лимфобласттық лейкозға.
  3.  монобласттық лейкозға.
  4.  жетiлмеген жасушалы лейкозға.
  5.  мегакариобласттық лейкозға.

310. Сүйек кемiгiнiң қан түзу жасушаларында филадельфиялық хромосомасының болуы тән:

  1.  созылмалы миелоцитарлық лейкоз үшiн.+
  2.  жедел лимфобластық лейкоз үшiн.
  3.  созылмалы моноцитарлық лейкоз үшiн.
  4.  жедел миелобласттық лейкоз үшiн.
  5.  миеломды ауру үшiн.

311. Лейкемоидты серпiлiстердiң нейтрофилдi түрi үшiн тән болып келедi:

  1.  базофилдi-эозинофилдi ассоциация.+
  2.  лейкоцитарлық формуланың гиперрегенераторлы солға жылжуы.
  3.  қанда плазматикалық жасушалардың пайда болуы.
  4.  гранулоциттердiң клеткалық атипизмi.
  5.  панцитопения.

312. Лейкоциттердiң жалпы саны - 70 х 109; миелобласттар - 1%, промиелоциттер - 3%, метамиелоциттер - 8%, таяқша ядролы нейтрофилдер - 15%, сегменттi ядролы  нейтрофилдер - 36%, базофилдер, эозинофилдер, моноциттер, лимфоциттер. Осы

лейкограмма тән:

  1.  миелоцитарлық созылмалы лейкозға.+
  2.  миелобластық  жедел лейкозға.
  3.  лимфобластық жедел лейкозға.
  4.  созылмалы моноцитарлық лейкозға.
  5.  созылмалы лимфоцитарлық лейкозға.

313. Лейкоциттердiң жалпы саны 80 х 109/л; миелобластар - 58%; промиелоциттер - 0%; миелоциттер - 0%; таяқша ядролы нейтрофилдер - 3%; сегмент ядролы нейтрофилдер - 30%; базофилдер - 0%; эозинофилдер - 0,5%; моноциттер - 0,5%; лимфоциттер - 8%. Осы лейкограмма тән:

  1.  жедел миелобластық лейкоз үшiн.+
  2.  созылмалы лимфоцитарлық лейкоз үшiн.
  3.  созылмалы миелоцитарлы қлейкоз үшiн.
  4.  жедел лимфобластық лейкоз үшiн.
  5.  созылмалы моноцитарлық лейкоз үшiн.

314. Тiндердiң жалпылама зақымдануындағы гиперкоагуляция байланысты:

  1.  қанға белсендi XII фактор және тiндiк тромбопластин түсуiмен.+
  2.  патологиялық антикоагулянттардың пайда болуымен.
  3.  физиологиялық антикоакулянттардың белсендiлiгi төмендеуiмен.
  4.  тромбоциттердiң адгезиялық агрегациялық қызметiнiң төмендеуiмен.
  5.  фибринолиз жүйесiнiң әсерленуiмен.

315. Созылмалы қан кетулерде дамиды:

  1.  темір тапшылықты анемия.+
  2.  В12 - тапшылықты анемия.
  3.  гемолиздік анемия.
  4.  Фанкони анемиясы.
  5.  Минковский-Шоффардың микросфероцоздық анемиясы.

316. Гипо-, аплазиялық анемияларға тән:

  1.  панцитопения.+
  2.  орақ тәрізді эритроциттердің пайда болуы.
  3.  мегалоциттердің пайда болуы.
  4.  тромбоцитоз.
  5.  нейтрофилдік лейкоцитоз.

317. Гемофилия В тапшылығына байланысты:

  1.  ұюдың ІX плазмалық факторының.+
  2.  антитромбин-ІІІ.
  3.  кальцийдің.
  4.  ұюдың ҮІІІ плазмалық факторының.
  5.  тромбоциттердің.

318. Керi байланыс механизмiнiң бұзылуы негiзiнде жатады:

  1.  либериндер өндiрiлуi азаюы.
  2.  қандағы гормондар мөлшерiнiң өзгерiсiн қабылдайтын гипоталамус

орталықтарының сезiмталдығы төмендеуi.

  1.  статиндер өндiрiлуi артуы.
  2.  аденогипофиз гормондары өндiрiлуi артуы.
  3.  статиндер өндiрiлуi азаюы.

319. Гипопротеинемия тудырады:

  1.  бос гормондар мөлшерiнiң азаюы және олардың әсерлерiнiң күшеюiн.
  2.  бос гормондар мөлшерiнiң артуы және олардың әсерлерiнiң азаюын.
  3.  бос гормондар мөлшерiнiң азаюы және олардың әсерлерiнің азаюын.
  4.  бос гормондар мөлшерiнiң артуы және олардың әсерлерiнің күшеюiн.
  5.  гормондар әсерiнiң бұрмалануын.

320. Гипофиздiң эозинофилдi аденомасы кезiнде организмде дамиды:

  1.  гигантизм.
  2.  акромегалия.
  3.  дисплазия.
  4.  гипофизарлы нанизм.
  5.  Иценко-Кушинг ауруы.

321. Гипофизде орналасқан базофилдi аденома әкеледi:

  1.  акромегалияға.
  2.  Иценко-Кушинг ауруына.
  3.  гипертиреозға.
  4.  гигантизмге.
  5.  Симмондс ауруына.

322. Қантсыз диабеттiң дамуын тудырады:

  1.  қанда инсулиннің антогонистерi болуы.
  2.  вазопрессин гиперсекрециясы.
  3.  альдостерон гиперсекрециясы.
  4.  альдостерон гипосекрециясы.
  5.  вазопрессин гипосекрециясы.

323. Окситоцин секрециясының өзгеруi патогенезiнде маңызды:

  1.  циркадты ырғақтардың бұзуларында  "сергу-ұйқы".
  2.  қант диабетi кезiнде көмiрсу алмасуының бұзуларында.
  3.  босану қызметiнiң бұзылуларында.
  4.  микседема дамуында.
  5.  диффузды токсикалық зобта.

324. Орталық жүйке жүйесiнiң қозуы, артериялық қысымның жоғарылауы,

гипергликемия, остеопороз, лимфоцитоз байқалады:

  1.  меланиндi белсендiретiн гормондардың көп түзiлуi кезiнде.
  2.  жыныс гормондардың көп түзiлуi кезiнде.
  3.  паратиреоидты гормондардың көп түзiлуi кезiнде.
  4.  глюкокортикостероидтардың көп түзiлуi кезiнде.
  5.  катехоламиндердiң көп түзiлуi кезiнде.

325. Адиссон ауруының жиi себебi:

  1.  бүйрек үстi бездерiнiң гипертрофиясы.
  2.  эпифиздiң гиперплазиясы.
  3.  бүйрек үстi бездерiнiң атрофиясы.
  4.  гипофиздiң iсiгi.
  5.  аутоиммундық тиреоидит.

326. Конн ауруы (бiрiншiлiк альдостеронизм) көрiнедi:

  1.  натрийдiң жоғалуы, калийдiң үсталуымен.
  2.  натрийдiң ұсталуы, калийдiң жоғалуымен.
  3.  олигоуриямен.
  4.  гипотониямен.
  5.  сутегi иондарының жиналуымен.

327. Эндемиялық зоб патогенезiндегi жетiспейтiн тiзбегiн көрсетiңiз:

Йод тапшылығы → тиреоидты гормондардың түзiлуiнiң төмендеуi → Т3-Т4 

қандағы мөлшерiнiң азаюы → ? → қалқанша безiнiң гиперплазиясы.

  1.  ТТГ түзiлуiнің артуы.
  2.  соматостатин түзiлуiнің артуы.
  3.  соматомедин түзiлуiнің артуы.
  4.  тиреолиберин түзiлуiнің төмендеуi.
  5.  кортиколиберин түзiлуiнің төмендеуi.

328. Жүйке жүйесінің бүлінісін туындататын сыртқы этиологиялық ықпалы:

алкогольмен улану.+

нейрондардың бауырлық кома кезінде зақымдануы.

ми ишемиясы.

гипогликемия  

уремия кезінде нейрондар зақымдануы.

329. Жүйкелік өткізгіштермен жүйке жүйесіне түседі:

  1.  стрептококктық экзотоксин.
  2.  менингококк.
  3.  пневмококк.
  4.  ішек таяқшасы.
  5.  құтыру вирусы.+

330. Нейрон ішілік қосындылар түзетін вирустар:

  1.  цитомегаловирустар.
  2.  энтеровирустар.
  3.  құтыру вирустары.+
  4.  ұшық вирусы.
  5.  полиомиелит вирусы.

331. Жұлындық трансмиссивті энцефалопатияның себебі:

  1.  цитомегаловирустар.
  2.  энтеровирустар.
  3.  құтыру вирустары.
  4.  ұшық вирусы.
  5.  приондар.+

332. Жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді:

  1.  қарсы жүйелер.+
  2.  аэрогематикалық тосқауыл.
  3.  нейрондардың төмен дәрежедегі жасушаішілік регенерациясы.
  4.  жайылмалы қозу.
  5.  глиалдық жасушалардың төмен белсенділігі.

333. Тежелудің тапшылығы – бұл:

  1.  трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі.
  2.  нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы.
  3.  ОЖЖ төменгі бөліктерінің  ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы.+
  4.  постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдың төмендеуі.
  5.  белсенділігі жоғары нейрондар тобы.

334. Денервациялық синдром – бұл:

  1.  трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі.
  2.  нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы.
  3.  ОЖЖ төменгі бөліктерінің  ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы.
  4.  постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдардың төмендеуі.+
  5.  белсенділігі жоғары нейрондар тобы.

335. Тежелудің алғашқы тапшылығы дамиды:

жүйке жүйесі тым артық түрткіленгенде.

тежегіш нейрондардың құрылымы мен қызметі бұзылғанда.+

қоздырғыш түйіспелердің құрылымы мен қызметі бұзылғанда.

қоздырғыш дәнекерлер түзілуі артқанда.

жүйке жүйесінің бөліктері зақымданғанда төмен бағытталған тежеуші

ықпалдардың артықтығында.

336. Тежелуден шығу синдромының салдарлары:

A) нейрондар мен олар жүйкелендіретін құрылымдарда дистрофиялық

өзгерістердің даму.

B) ДКҚО-ның (дерттік күшейген қозу ошағының) түзілуі.+

C) денервациялық синдромның дамуы.

D) мүше атрофиясының дамуы.

E) деафферентациялық синдромның дамуы.

337. Дерттік күшейген қозу ошағы (ДКҚО) – бұл:

  1.  бақыланбайтын серпіндер легін өндіретін,  белсенділігі жоғары өзара

әрекеттесетін нейрондар шоғыры.+

B) мембраналық тізбекті және жасушаішілік үрдістердің жиынтығы.

C) синапстық құрылымдағы өзгерістер кешені.

D) жүйкелік ықпалдың болмауына немесе өзгеруіне байланысты нәрленістің бұзылуы.

E) жүйкелік ықпалдардың түсіп қалуынан соң  пайда болатын  постсинапстық

нейрондар, ағзалар мен тіндердегі  өзгерістер кешені.

338. ДКҚО түзілуінің маңызы:

жайылмалы тежелудің түзілуіне септеседі.

дерттік жүйенің детерминанты болады және дерттік жүйе түзілуін қамтамасыз

етеді.+

физиологиялық жүйенің түзілуіне септеседі.

нейронның жүйкеленетін құрылымдарға нәрленістік ықпалын күшейтеді.

нейродерттік үрдістердің дамуын тежейді.

339. Шабан гиперкинездерге тән:

А) діріл.

B) атетоз.+

C) тиктер.

D) хорея.

E) тремор.

340. Невроздар дамуына әкелуі мүмкін:

  1.  асқазанның ойық жара ауруының.+
  2.  менингиттің.
  3.  диффуздық гломерулонефриттің.
  4.  вирустық гепатиттің.
  5.  Пневмонияның.

341.Орталық салдануларға тән емесі:

  1.  ерікті қозғалыстардың сақталуы.  
  2.  ерікті қозғалыстардың жоғалуы.
  3.  тарамыстық рефлекстердің күшеюі.+
  4.  дерттік рефлекстердің пайда болуы.
  5.  бұлшықет  межеқуатының жоғарылауы.

342. Шеткері салдануларға тән:

A) жұлындық рефлекстердің күшеюі.

B) дерттік рефлекстердің пайда болуы.

C) бұлшықеттердің гипертрофиясы.

D) бұлшықеттің гипотониясы.+E) бұлшықеттер межеқуатының жоғарылауы.

343. Паралич (салдану) – бұл:

  1.  ерікті  қозғалыстардың  толық болмауы.+
  2.  ерікті қозғалыстардың шегі,  жылдамдығы,  күші азаюы .
  3.  негізінен  қолда,  әсіресе  саусақтарда  орналасқан  еріксіз,  баяу, «құрт тәрізді»   қозғалыстар .
  4.  қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы.
  5.  дене  немесе  оның  бөліктерінің  еріксіз   дірілдеуі.

344. Атаксия – бұл:

  1.  ерікті  қозғалыстардың  толық болмауы.
  2.  ерікті қозғалыстардың шегі,  жылдамдығы,  күші азаюы .
  3.  негізінен  қолда,  әсіресе  саусақтарда  орналасқан  еріксіз,  баяу, «құрт тәрізді»   қозғалыстар .
  4.  қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы.+
  5.  дене  немесе  оның  бөліктерінің  еріксіз   дірілдеуі.

345. Хорея – бұл:

  1.  ерікті қозғалыстардың толық болмауы.
  2.  ерікті қозғалыстардың шегі,  жылдамдығы,  күші азаюы .
  3.  бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол,   бас  және   дененің)  ретсіз, жылдам,

еріксіз жиырылулары .+

  1.  қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы.
  2.  дене  немесе  оның  бөліктерінің  еріксіз   дірілдеуі.

346. Тремор – бұл:

  1.  ерікті қозғалыстардың толық болмауы.
  2.  ерікті қозғалыстардың шегі,  жылдамдығы,  күші азаюы .
  3.  бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол,   бас  және   дененің)  ретсіз, жылдам,

еріксіз жиырылулары .

  1.  қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы.
  2.  дене  немесе  оның  бөліктерінің  еріксіз   дірілдеуі.+

347. Үлкен жарты шар орталықтан кейінгі иірілім және жоғарғы төбе бөлігінің зақымдану кезінде сезімталдығының қай түрі жоғалуы тән:

  1.  бұлшықет-буындық.
  2.  түйісулік.
  3.  ауырулық.
  4.  қызымдық.
  5.  сезімталдықтың барлық түрі.+

348. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:

А) сүйек тіні резорбциясының тұрақты үрдісі және оның түзілуі. +

В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы.

С) буындарға протез салуы.

D) сүйек тінінің остеобластармен резорбциялануы.

Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі.

349. Сүйек тінінің  резорбциясын ынталандырады:

А) интерлейкин-1.+

В) механикалық жүктеменің артуы.

С) кальцитонин.

D) фибробластардың өсу факторы.

Е) өсудің трансформациялаушы ß-факторы.

350. Сүйек резорбциясының ингибиторы болып табылады:

  1.  эстрогендер.+
  2.  интерлейкин-1.
  3.  паратгормон.
  4.  1,25 (ОН)2Д3.
  5.  ісік некроздаушы фактор.

351. Эстрогендер:

А) остеокластардың белсенділігін тежейді.+

В) сүйектен кальцийді «шайып шығарады».

С) сүйек тінінің резорбциясын күшейтеді.

D) гипокальциемия және гиперфосфатемияларды туындатады.

Е) гиперкальциемия және гипофосфатемияларды туындатады.

352. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген гендерінің мутациясы маңызды орын алады:

А) I түрінде.+

В) II түрінде.

С) III түрінде.

D) IV түрінде.

Е) V түрінде.

353. Марфан синдромының біртектес көрінісі болып табылады:

А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия.+

В) құрсақішілік сүйек сынғыштығы.

С) құздама тәрізді ұқсас артрит (ревматоидты артрит).

D) янтар тәрізді тістер.

Е) терінің қалыптан тыс созылғыштығы.

354.  Реклингаузен ауруы (фиброзды остеодистрофия, гиперпаратиреоидизм) кезінде байқалады:

Са2+↑, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза↑.+

Са2+↓, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑.

Са2+ қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза қалыпты.

Са2+ қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑.

Са2+↓, РО43-↓  , сілтілі фосфатаза↓.

355. Алиметарлық остеопатияның патогенезіндегі тетігі болып табылады:

Аспен кальцийдің аз түсуі → плазмада кальций мөлшерінің азаюы → паратгормон мөлшерінің жоғарылауы → ? → сүйек тінінің резорбциясы.

  1.  остеокласттарының белсенділігінің жоғарылауы.+
  2.  остеобласттарының белсенділігінің жоғарылауы.
  3.  өсуды трансформациялаушы факторының әсерленуі.
  4.  I түрдегі коллагеннің түзілуінің төмендеуі.
  5.  остеоциттер белсенділігінің төмендеуі.

356. Баланы тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің қай біреу түзілуінің бұзылысымен байланысты тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді? 

А) I түрдегі коллагеннің.+

В) II түрдегі коллагеннің.

С) III түрдегі коллагеннің.

D) IV түрдегі коллагеннің.

Е) V түрдегі коллагеннің.

357. Біріншілік жайылған остеопороз байқалады:

А) қартайған шақта, әсіресе әйелдерде.+

В) глюкокортикоидтармен 3 айдан астам емдегенде.

С) барбитураттармен емдегенде.

D)  гипогонадизм кезінде.

Е) ішектің резекциясынан кейін.

358. Аяқ-қолдардың (қолдардың проксималды және аяқтардың ұштарының)

парезі немесе спазмдық салдануы, зақымданған жақтың қарама-қарсы бетінде

сезімталдықтың жоғалуы тән:

  1.  омыртқа артериясының (артқы төменгі мишық артериясы) зақымдануына.
  2.  алдыңғы ми артериясының зақымдануына.+
  3.  ортаңғы ми артериясының зақымдануына.
  4.  артқы ми артериясының зақымдануына.
  5.  пиалды артериялардың зақымдануына.

359. Науқас М., 64 жаста, «ишемиялық инсультпен» ауырады, сол жағында

«Бабинский» рефлексінің оң болуы, дененің сол бөлігінде сезімталдықтың жойылуы

анықталды. Қай артерияның эмболиясы осы өзгерістерді тудырды?

  1.  омыртқа артериясы (артқы төменгі мишық артериясы).
  2.  алдыңғы ми артериясы.+
  3.  ортаңғы ми артериясы.
  4.  артқы ми артериясы.
  5.  пиалды артериялар.

360. Инсульт кезінде нейрондардың гипоксиялық зақымдануының патогенезінде

маңызы жоғы:

  1.  нейрондардың жоғары белсенділігі.
  2.  глутаматтың жиналуы.
  3.  нейрондарда натрий мен кальцийдің жиналуы.
  4.  кальций-тәуелді ферменттердің әсерленуі.
  5.  глутаматтық қабылдағыштар тежегіштерінің мөлшерінің артуы.+