Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім) | MegaDOCs

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №1

Университет - білім ордасы.

Ғылыми инновация экономиканың негізі.

Мәтінмен жұмыс.

Ана - өмірдің гүлі, тіршілік басы.

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. 

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. 

Грамматикалық тапсырма. Морфологиялық талдау жасаңыз. Дүниеде анасыз адам жоқ.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №2

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі.

Ә. Қастеев.

Мәтінмен жұмыс.

Достық

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек.

Грамматикалық тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз. Досты табу оңай,ал оны сақтау одан да қиын.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №3

1. Мен таңдаған мамандық.

2. Жастар және қоғамдық ұйымдар.

3. Мәтінмен жұмыс.

Еңбек

"Еңбек" — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты.

Грамматикалық тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №4

Басшының басқару стилі.

Ж. Молдағалиев.

Мәтінмен жұмыс.

Байлық, бақыт, ақыл

Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен-кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.

Алдымен Байлық сөз алып: – Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, – деп кеудесін қағады. Сонда Бақыт былай дейді: – Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды, мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын,- дейді Ақыл сабырлы түрде. Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді.

Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан:

- Өмірдің өзі сабақ: «Байлық – бір жұрттық», «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана Байлық та, Бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзыға жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, – деген екен.

Тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №5

Дипломат келбеті.

Қ. Сәтбаев.

Мәтінмен жұмыс.

Қазақ халқының қолөнері

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады.

Грамматикалық тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №6

Наурыз мерекесі.

Ел үміті - қоғам қайраткері.

Мәтінмен жұмыс.

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз. Қазақ халқының ұлттық киімдері ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне: қос етік, көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік жатады. Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Шапан – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп алтын жіппен әшекелейді. Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өң бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді.

Грамматикалық тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз. Ол – біздің үлттық мәдениетіміз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №7

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда.

Кітапхана білім ордасы.

Мәтінмен жұмыс.

Қолөнер

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады.

Тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №8

М. Өтемісұлы.

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі.

Мәтінмен жұмыс.

Күй

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ған күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында бірісе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады. Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда.

Грамматикалық тапсырма. Морфологиялық талдау жасаңыз. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде домбыра ілулі тұрған.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №9

Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында.

А. Байтұрсынов.

Мәтінмен жұмыс.

Елбасы-елінің тірегі, Астана-елімнің жүрегі

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. . Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1990 жылдың сәуірінде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес – алты саясаткер бар, олардың бірі – Назарбаев», - деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап – тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап жатыр. Елбасы сайланғалы жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы. Бұл айтылмаған, еленбеген сала жоқ. Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде білім алуына жағдай жасап «Болашақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы қамқорлық деп білемін. Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана күннен күнге құлпырып өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде.

Грамматикалық тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №10

Қазақстан – Азия барысы.

Б. Аюханов.

Мәтінмен жұмыс.

Ана тілім- бақытым

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады.

Тапсырма. Мәтіннен есімді және етістікті сөз тіркестерін топтап жаз.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №11

Қазақстан әлемдік кеңістікте.

Н.Ә. Назарбаев.

Мәтінмен жұмыс.

Қазақстанның болашағы –жастардың қолында

     Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі  жастары  жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

     «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.

   Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың  қолында.

Тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №12

1. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

2. Қазақ халқының қолөнері.

3. Мәтінмен жұмыс.

Тәрбиенің әліппесі - отбасы

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде жиып-терген мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырған. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр- осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлім-тәрбиелік мұра.

Қазақ халқы ұрпақ көшінің табиғи тазалығы, өміршеңдігі,тіршілік етуге бейімділік мәселелерін жан-жақты ойластырған.

Отбасы қоғамның кішкентай бір бөлшегі десек, қоғам ұрпақты өркениеттілікке жеткізуде,әр отбасындағы тәрбиенің ұйымдастырылуынан басталады. Отбасындағы салауаттылық салауатты ұрпақты қалыптастырады.

Ұлы жазушы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ елдің тізгінін ұстайтын, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді инабатты, саналы жас ұрпақты өсіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ.

Тапсырма. Отан, ерлік туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айтыңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №13

1. Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар.

2. Қадыр Мырза-Әлі.

3. Мәтінмен жұмыс

Киіз үй

Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиhаздармен қосқанда 300-400 келіге жуық. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық - киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде – кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол - талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Ал шанырақ болса- киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. «Жеті уық шаншылғанша жетесіз ғана сөйлейді» деген сөз осының дәлелі болмақ. Ал, уық кереге мен шаңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп- шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң – киіз жабылады. Сөйтіп, дайын үйге қазақ баласы еңкейіп кіреді. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады.

Халқымыздың бата- тілектері де киіз үй жабдықтарымен тікелей байланысты. «Шаңырағын шайқалмасын, керегең кең, екі босағаң тең болсын» - деген сынды нақыл сөздер қазақтың киіз үйге деген құрметіне шыққаны даусыз.

Тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №14

1. Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс.

2. Ш. Қалдаяқов.

3. Мәтінмен жұмыс.

Таңғажайып табиғат

Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісімен көрікке тұнып тұрған тартымды ағаштарды, мөлдір таза тұнып тұрған қарқынды бұлақтарды, болмағанда ағып жатқан бұлақтың сыбдырын, айналада болып жатқан жұмыстың сыңғырын, құстардың бұлбұлдай әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп- көріп ерекше ерендей күйге түседі, бұл күй – табиғат күйі.

Табиғат – жаратылыстың ғажайып туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл- жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі- бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да адам баласының табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көргендігі осының айғағы.

Грамматикалық тапсырма: Үлкен, ежелден, ата-баба, тіршілік еткен, ақылдасып, қасиетті, саналады сөздерінің синонимдерін тауып жазыңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №15

Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары.

Мұражай.

Мәтінмен жұмыс.

Бурабай

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында орналасқан. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Бурабай  өлкесінің ең биік тауы Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Грамматикалық тапсырма. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасымен тартымды.

Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №16

1. Әлем каратасындағы ғылыми – технологиялар.

2. Ы. Алтынсарин.

3. Мәтінмен жұмыс.

Ауыл

Ауыл – ұлтымыздың үйтқысы. Ауыл – халқымыздың бойына нар құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, улттық рухтын қайнар көзі. “Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз” – дегендей ауыл көркейтсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз. Жусаны мен жуасы жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе ауылдын сәні емес пе?

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлен жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Ауылдың көркейюі – жастардын санасы мен сезіміне, рухы мен ерлігіне, білімі мен бірлігіне байланысты.

Тапсырма. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №17

1. Ұлы Отан соғысының батырлары.

2. Су – тіріщілік көзі.

3. Мәтінмен жұмыс.

Көктем.

Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді.

Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Астрономиялық тұрғыдан Көктем 93 күнге (22.3 – 22.6) созылады.

Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы аумағында географиялық ерекшеліктеріне байланысты Көктем оңтүстік аймақтарда ерте, солтүстік аймақтарда кеш келеді.

Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №18

1. Қазақтың салт- дәстүрлері, әдет - ғүрыптары.

2. Жасыл ел қозғалысы.

3. Мәтінмен жұмыс.

Сырлы саз

Алтынбек – шопан баласы. Әкесі Қоразбай да өз кезінде сауықшыл, сері кісі болған.Шешесі де әнші кісі еді. Міне, осындай ортада өскен оның бойында өнерпаздық қасиет бірте-бірте қалыптаса бастады. Оның үстіне алақандай Қызылсай ауылы, көрген көзді қызықтырар Сұлубет жотасы жас жігіттің жүрегін ынтазарлыққа толтырған әлем еді. Сол далада жүріп ол әкесінің шопандар слетінен сыйлыққа алған патефонынан Кенен даусын естіді. Сол дауыс бала бойына күрт бетбұрыс жасады. Әнге деген алғашқы махаббат, сезім сол кезде бүршік жарды.

Грамматикалық тапсырма.Мәтіннен эат есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №19

1. Абай Құнанбаев.

2. Ұлттық ойындар.

3. Мәтінмен жұмыс.

Амандасу салты

Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары сияқты. Әр халықтың амандасу рәсім, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасайды. Ал Орта және Кіші Азия мен Африкадағы мұсылман халықтары ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!»деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек : «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз.

Тапсырма. Ауызша амандасу үлгілеріне байланысты сөйлесім құрыңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №20

1. Қазақтың ұллтық аспаптары.

2. Ы. Алтынсарин әңгімелері.

3. Мәтінмен жұмыс.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - Орал қаласындағы 1832 жылы негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 жылы қалалық реалды училище мен казак-орыс әскерлері мұражайларының негізінде қайта құрылды. Мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениеттен мағлұмат береді. Мұражайдың дербес бөлімі болып табылатын Мәншүк Мәметова мұражайында оның ерлігінен хабар беретін материалдар мен заттық деректер, өлкеде кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлардың қатырылған бейнелері қойылған. Сондай-ақ, суретші С.Ғұмаров және орыс жазушысы М.Шолохов мұражайлары да Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімі ретінде жұмыс істейді. Мұражайда жалпы саны 21930 экспонат сақтаулы.

Тапсырма. Мәтінді оқып, өз өлкеңіздің көрнекті жерлері туралы қосымша мәліметпен толықтырып, баяндаңыз.

Грамматикалық тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №21

1. Абай - аудармашы.

2. Өз өлкең туралы әңгімеле.

3. Мәтінмен жұмыс.

Көркем сөз

Қазақ халқы көркем сөзін өлеңмен жырлаған, қара сөзбен ауызша әңгімелеген, түрлерін жылдам көзбен көруге, құлақпен естуге құмар халық.

Көркем сөз – күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөз құдіретін жоғары бағалаған. Қазақ тіліне «Көркем сөз» терминін А. Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы шығармалар қазақ ұлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С.Сейфуллин, Б.Майлин, Н.Төренқұлов, М.Дулатов, С.Садуақасов, С.Қожанов, С.Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас қайшылығы, айтыс -тартыс бағыты айқын көрінеді.

Грамматикалық тапсырма: Сөйлемдерден тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді табыңдар.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №22

1. Әшекей бұйымдар.

2. Бата, тілек айту.

3. Мәтінмен жұмыс.

Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан – таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария өзендері және шексіз дала жатыр.

Қазақстан – әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел.

Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар. Бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.

Тапсырма. Мәтінді Қазақстанның табиғаты, халқы, мәдениеті туралы мәліметтермен толықтыр.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №23

1. Төле би.

2. Орал қаласы.

3. Мәтінмен жұмыс.

Кәментоғай

Біздің ауылдың оңтүстік шетінде Кәментоғай деген терең сай бар. Сайдың іші қалың ағаш. Ол жап – жасыл болып тұрады. Бұл тоғай соғыстан кейін пайда болды. Бұрын бұл сай батпақ болып жатушы еді. Адам да, мал да оны айналып өтетін. Бір жазда көрші колхоздан Кәмен деген көп баласы бар біреу көшіп келді де, сол сайдың қасына екі бөлмелі үй салып алды. Сонан соң сайдағы қоғаны шауып тастады. Ұсақ талдар отырғызды. Осыдан бастап ауыл адамдары бұрынғы батпақ сайды «Кәменнің тоғайы» деп атап кетті.

Тапсырма. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №24

1. Қазыбек би.

2. Қазақ ұлтындағы сәлемдесу әдебі.

3. Мәтінмен жұмыс.

Домбыра

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.

Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

Тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады.

4. Тест

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

03.04.2015 ж. №8 хаттама

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі: З.Ж.Мүтиев

Филология факультетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

15.04.2015 ж. № 8 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы: А.А.Раманова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет: филология

Кафедра: қазақ филологиясы

Пән : қазақ тілі

Мамандық: барлық мамандықтар үшін (күндізгі бөлім)

Емтихан билеті №25

1. Әйтеке би.

2. Табиғаттың адамға әсері.

3. Мәтінмен жұмыс.

Табиғатты аялайық

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатқа байланысты. Әр жыл мезгілі әр түрлі. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонады..Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Грамматикалық тапсырма Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңыз.