Адамның репродуктивті жүйесі | MegaDOCs

Адамның репродуктивті жүйесі

Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік

Адамның  репродуктивті жүйесі  жыныс бездерінен немесе гонадалардан және жыныс жол  мүшелерінен тұрады.

Ер адамның жыныс жол ағзалары:

ұрық  шығаратын жол, қуықасты безі, ұрық көпіршіктері, жыныс мүшесі.

Әйел жыныс жол ағзалары:

жатыр түтігі, қынап, жатыр. Бұған тағы сүт бездерін де жатқызады.

Адамның жыныстық немесе репродуктивті қызметтері.

Жыныс әрекеттік жүйеге жатады:

  •  Жыныс жасушаларының жетілуі, белгілі бір гормондардың әсерінде дамиды;
  •  Жыныстық құштарлық (либидо);
  •  Жыныстық дәстүрлі мінез-құлықтар, жыныстық құштарлық негізінде пайда болады;
  •  Жыныстық қатынас (копуляция, коитус);
  •  Ұрықтану үрдісі; жүктілік; босану, лактация; ұрпақ өсіру, тәрбиелеу.

Жыныстық дифференциация (жыныстың қалыптасуы)

Жыныстың қалыптасуы ұрықтану кезінде басталады. Х-хромосомалы аналық жасушасы (жұмыртқа жасуша) У-хромосомалы аталықпен (сперматозоидпен) қосылса, еркек жыныс типі бойынша дамиды. Х-хромосоманы алып келуші сперматозоидпен қосылса, әйел жынысты болады . Генетикалық жыныс болашақ ағзаның генетикалық бағдарламасын , әсіресе жыныс бездерінің –нағыз немесе гонадалық жыныстың қалыптасуын анықтайды. Эмбриогенездің бастапқы сатыларында тұқым гонадаларының жынысы қалыптаспаған болады. 7-8 аптада У-хромосоманың ықпалымен ұрықтың жынысының қалыптасуы еркек жыныс гормондарының бөлінуінен дамиды. Андроген әсерінен эмбрионның ер жынысты дамуы іске асады. Сыртқы жыныс мүшесі құрсақішілік дамудың 19-20 аптасында анықталады. Осы кезде УДЗ бойынша болашақ баланың жынысын анықтауға мүмкін болады.

Аналық жыныс бездері эмбриональды кезеңде активті емес, дифференциациясы пассивті түрде өтеді. Ұрықтық әйел жыныс ағзаларының қалыптасуы еркек жыныс ағзаларына қарағанда кешірек жүреді. Туылу мерзімінен бастап жынысы сыртқы жыныс ағза құрылысымен анықталады.

Жаңа туған балада:

Қыздардың  жыныс бездерінде біріншілік фолликулдары көп болады.

Ұлдардың жыныс безінде – қалыптаспаған ұрықтық жасушалары болады.

Балалық шағында (1 жастан 7 жасқа дейін) сыртқы және ішкі жыныс ағзалары гормондардың деңгейі төмен болуынан баяу дамиды.

Жыныстық жетілу кезеңдері

  1.  пубертат;  II) жыныстық  жетілген кезең; III) жыныс әрекеттің бәсеңдеуі.

I. Пубертат – әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:

1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары  қатысады.

Адренархе - жыныс  жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты  мерзімі. Бұл кезең бүйрек үсті бездерінің белсенділігі төмен андрогендер  синтезі мен секрециясы жоғарлауымен сипатталады. Олар қолтықасты мен шат аймағында түктер пайда болуына, қолтықасты және май бездерінің қызметтеріне әсер етеді. Қыз балаларда адренархе 6-8 жасында басталады.

2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) – ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда  9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады.

Анабезде фолликулдардың жылдам өсуі болады,гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап, ұлдарда атабездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцияга (бозбалалар мен еркектерде еркінен тыс шәуеттің бөлінуі, кейде қатты ұйықтап төс көру кезінде) дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі.

Телархе - қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады.

Менархе - алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12,8±1,2жас.

3) Ересек (постпубертатты кезең) – ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.

II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек). Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал  ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең  (16-20 жас) ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.

III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді. Адамның жыныстық қызметінің біртендеп жоғалуынан болатын жасқа байланысты өзгерістер кешенді климактерий (климакс)  деп аталады.

Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.

Еркек жыныс ағзасының функциялары

Еркек  жыныс ағзалары қызметіне байланысты жыныс бездеріне бөлінеді: атабез,жыныс жолдары және оның туындылары.

Аталық без қызметі:

  1.  Герминативті – жыныс жасушаларының – сперматозоидтың түзілуі. Сперматогенез (еркек жыныс жасушаларының бөлінуі мен пісіп жетілу процесі) ұмада орналасқан аталық бездің иректелген түтікшелерінде іске асады. Бұл процесс 34˚С және одан төмен жағдайда жүретін қалыпты ағым үшін маңызды. Сперматогенез кезектесіп жүретін 3 фазадан тұрады:сперматогоний пролиферациясы (митоз), сперматоциттердің пісіп - жетілуі, сперматозоидтар мен сперматидтердің түзілуі. Пісіп жетілген жыныс жасушалары ұрық шығаратын түтікте сақталады. Спермиялар ұрық шығаратын кейін ұрық шашатын жолдар  арқылы без қосымшасының құйрық жағынан несеп шығару жолына өтеді.

   Сперма - жыныстық қатынаста эякуляцияланатын құрамы 5% сперматозоидтан және 95% қосымша бездің секреторлы сұйықтығынан тұратын түзіліс.

Қосымша без бөлетін секреттің қызметі:

Ұрық көпіршігі - энергия сақталатын секрет -   сперматозоидтердің уақытша сақталуына субстрат ретінде,  сперматозоидтардың  функционалды активтілігі мен тіршілігін жоғарылатады.

Қуықасты безінің секреті - ұрықтың ажырауына және несеп шығаратын жол бойымен өтуіне ықпал етеді. Сперматозоидтың фертильдігі мен қозғалғыштығын жоғарылатады.

Купфердің бульбоуретральды безінің секреті - уретраны эякуляция алдында майлайды.

 Эякуляциядан кейін сперматозоидтардың  әйел жыныс  жолдарында тіршілігінің ұзақтығы максимальды 48 сағатқа дейін сақталады.

  1.  Эндокринді - гормондардың бөлінуі. Андрогендер (тестостерон, дигидротестостерон, дегидроапиандростерон және т.б.) иректелген ұрық түтікшелерінің аралығындағы интерстицийде жататын  Лейдиг жасушаларынан синтезделеді.

Андрогендердің функциясы:

-Жыныстық аумақ (сфера) – жыныс айырмашылығын, жыныстық жетілуді, екіншілік жыныс белгілері мен сперматогенезді қамтамасыз етеді.

-Тестостерон – анаболикалық гормон. Ол әр түрлі ағзалардан белок синтезін ынталандырады (бауыр,қаңқа бұлшық еттері, сүйектер). Ол бұлшық ет массасының, негізгі тіннің массасы мен  тығыздығының үлкеюіне әкеледі.

 Сертоли жасушалары ФСГ мен  гонадолибериннің синтезі мен секрециясын тежейтін ингибин бөледі.

ГТГ-ның аталық без қызметін реттеудегі маңызы.

Фоллитропин - сперматогенез бен қуық асты безінің дамуына ықпал етеді және  ұрық түтікшелерінің дамуы үшін қажет болып табылады.

Лютропин - ұрықтардағы ішкі секреторлы элементтердің дамуын стимулдеу арқылы жыныс гормондарының түзілуінің жоғарлауына әкеледі.

Әйел жыныс жүйесінің функциялары

 Әйел жыныс жүйесінің қызметі - репродуктивті.

Атқаратын қызметтері:

Аналық без:  

1. Герминативті - овогенез,овуляция.

2. Эндокринді - эстроген, прогестерон, релаксиндер, ингибиндердің синтезі мен секрециясы.

Жатыр түтігі: тасымалдау (овуляцияланған жұмыртқа жасушаның жатыр түтігі бойымен жылжуына қатысады, ұрықтану).

Жатыр: бала көтеру.

Жатыр мойнының түтігі мен қынап: туу жолдары.

Сүт бездері: нәрестені тамақтандыру үшін қажет.

   

Бала тууға қабілетті әйелдің герминативті қызметіне бала көтермеген жағдайда ай сайынғы циклды процесс тән болып келеді (овариальды-менструальды цикл).

Овариальды оралымы (циклі)

Жұмыртқа жасуша анабез фолликулдарында түзіледі.

Фолликулдардың дамуы 4 фазада өтеді:

1) Пісіп-жетілу (әр 28 күн сайын гипофиздің ГТГ анабезде   8-ден 12-ге дейін біріншілік фолликулдардың өсуін шақырады). Фолликулдардың өсуі кезінде эстрогендер көп мөлшерде бөлінеді. Олардың дамуы келесі схема бойынша жүзеге асады: примодиальды →біріншілік→екіншілік→үшіншілік (пісіп жетілген фолликул, грааф көпіршігі).

2) Овуляция (пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы).

3) Овуляцияланған фолликулдың орнына сары дененің түзілуі. Сары дене прогестерон мен эстроген синтезейді.

4) Сары дененің сіңірілу фазасы.

Циклдың бірінші жартысында – фолликулярлы (ФСГ ықпалымен примордиальды фолликулдың бір бөлігі дамиды), екінші жартысы – лютеиндеуші (ЛГ әсерінен овуляцияланған грааф көпіршігінен эндокринді без түзіледі - сары дене). Овуляция шамамен циклдың ортасына тура келеді.

Менструальды оралымы (циклі)

Гормондар әсерінің өзгерістері эндометрий, жатыр түтігінің кілегейлі, цервикальды канал, қынапқа әсерін тигізеді. Жатырдың кілегей қабығы циклды өзгерістерге ұшырайды. Әр циклда эндометрий менструальды, пролиферативті, секреторлы фазадан өтеді.

Менструальды фаза – эндометрийдің функционалды қабатының сылынып түсіп, қан шығуы. Сары дененің атрофиясы мен өліміне сай келеді. Менструальды қан ағу тоқтағанда жатырдың кілегейлі қабатының жылдам регенерациясы басталады.

Пролиферативті (фолликулярлы) - овуляцияға дейін жүреді, осы кезде эстроген (көбіне эстрадиол) ықпалынан базальды қабат жасушаларының пролиферациясы мен эндометрийдің функционалды қабатының қалпына келуі жүреді.

Секреторлы (лютеиндеуші) фаза – овуляциядан менструацияға дейін созылады. Сары дене бөлетін прогестеронның жоғары мөлшерінен ұрықтың имплантациясына қолайлы жағдай жасалынады. Кілегей қабығының бездері жоғарылап, секрет бөле бастайды. Дененің базальды температурасы 37˚С жоғары.

Ұрықтану

Ұрықтану деп аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылу процесін (сперматозоид пен жұмыртқа жасуша) атайды. Ұрықтану кезінде аталық пен аналықтың гаплоидты гаметалары қосылады. Осы кезде олардың ядролары (пронуклеустары) байланысады, хромосомалары қосылып, жаңа ағзаның бірінші диплоидты жасушасы – зигота түзіледі. Овуляцияға ұшыраған  жұмыртқа жасушаның максимальды ұрықтануға қабілетті мерзімі 4-5 күн.

Жүктілік, босану, лактация

Ұрықтану кезінен бастап жүктілік мерзімі басталады. Жүктілік – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан әйел құрсағында болашақ нәресте дамитын физиологиялық процесті атайды.

Пренатальды даму кезеңі:

Бастапқы: 1 апта – концептус дамиды.

Ұрықтық: 2 - 8 апта аралығы – эмбрион дамиды. Зиготаның бөлінуі кезінде ұрық жатыр түігінің бойымен оның қуысына жылжиды. Осында ұрықтың жатыр қабырғасына имплантациясы болады. Миграция 6-7 күнге созылады.

Нәрестелік: 9 аптадан жүктіліктің соңына дейін – нәресте дамиды.

    Жүктілік қалыпты жағдайда 270-280  күнге созылады (9 ай) және бала туумен аяқталады. Аяғы ауыр әйелде бүкіл эндокринді жүйесі өзгерістерге ұшырайды. 

      Ұрық жолдасы  (плацента) ұрықты ана ағзасымен байланыстырады және ол ұрықтық (бүрлі хорион) және аналық (децидуальды қабықтан) бөліктен тұрады. Ұрықтың қантамырларына жататын ұрық жолдасындағы хорион бүрлері бүраралық кеңістік айналымындағы жүкті әйел қанына малынып тұрады.Ұрық жолдасы қоректік заттар мен оттегіні жүкті әйелден ұрыққа тасымалдау, керексіз метаболизм өнімдерін шығару, ұрықтың тіршілігіне қажетті белоктар мен гормондардың (ХГТ- хориондық гонадотропин, прогестерон,  хориондық соматомаммотропин, фибробласт дамытушы фактор, трансферрин, пролактин, релаксиндер, кортиколиберин, эстрогендер және т.б.) түзілуі, ұрықты иммундық қорғау секілді көптеген қызмет атқарады.

Босану – нәресте, қағанақ пен бала жолдасының жатырдан қынап арқылы сыртқа шығатын физиологиялық үрдіс. Босану әйел ағзасының бүкіл жүйесінің өзгерістері арқылы жүзеге асатын қызметі болып табылады.

Лактация - сүт бездерінде сүттің түзіліп және оның бөлінуі. Бұл көбеюдің соңғы  фазасы. Бала туылғаннан кейін қанда эстроген мен прогестерон мөлшері күрт төмендейді. Ол өз кезегінде пролактиннің көп бөлініп, сүттің секрециясын туғызады. Босанғаннан кейін алғашқы 2-3 күн сүт безі уызды бөліп шығарады.

 

Әйел мен еркектің репродуктивті қызметінің жастық ерекшеліктері.

45-50 жастан кейін әйел организміндегі гормональды өзгерістері репродуктивті қызмет тоқталуына алып келеді. Көбінісе 45 жастан үлкен әйелдерде бірінші етеккір циклінің болмаунан бастап және келесі 12 ай созылатын уақыт кезеңі менопауза деп аталады. Әйелдерде 60-65 жастан кейін кезеңінде жатырдың инволюциясы болады. Соның салдарынан басқа жыныс мүшелерінің де өзгерістеріне әкеледі.

Егде жастағы ерлерде гормональды өзгерістер аталық бездің салмақтың төмендеуі, сперматогоний мөлшері мен сперматозоидтар санының  азаюымен қатар жүреді. Алайда, сперматогенез қарт жасқа дейін сақталады.